• Пн. Сен 28th, 2026

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» — ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ

Автор:jsk.kz

Сен 28, 2026

Бүгінгі таңда қоғамдағы ең басты құндылықтардың бірі — әділдік, қауіпсіздік және заң үстемдігі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамның мызғымас темірқазығы етіп белгілегені белгілі. Осы орайда, еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкент жастары бұл үндеуді зор жауапкершілікпен қабылдап, қоғамдық тәртіпті сақтаудың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. «Заңға бағыну — құлдық емес, бұл еркіндік пен қауіпсіздіктің кепілі». Шымкенттің жас буыны бұл ақиқатты терең түсіне бастады. Бүгінгі жастар үшін тәртіпті бұзу емес, керісінше, оны қатаң сақтау — азаматтық мәдениеттің және саналылықтың көрсеткіші. Қала көшелеріндегі тыныштық пен татулық, құқықтық мәдениеттің артуы — жас жеткіншектердің қоғам алдындағы жауапкершілігінің айғағы. Қаланың өсіп-өркендеуі мен инвестициялық тартымдылығы ең алдымен қауіпсіздік ортасына тікелей байланысты. Заң мен тәртіп сақталған жерде ғана ғылым, бизнес, спорт және өнер қанат жаяды. Шымкент жастары осыны жақсы түсініп, қаланың тыныштығын көздің қарашығындай сақтауға үлес қосып жүр. Олардың саналы көзқарасы — болашақтағы қауіпсіз, әділ әрі өркениетті қоғамның мықты іргетасы.  Қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті.

Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Қуаныш Серікбай, Абай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Нұрым Тұрлыби, Шымкент қаласы Заң консультанттары палатасының мүшесі, Тәртіптік комиссия төрағасы Ербол Жұмабеков, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің маманы Нұрлан Мырзабай қатысып, жастарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар мен түсіндірмелер алды. Сонымен қатар заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғам қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы атап өтілді.

Заң мен тәртіпті сақтау — қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың ортақ негізі. Заң мен тәртіп — бұл жай ғана қағаздағы қағидалар емес, бұл — әрбір азаматтың өмір салты. Шымкент жастарының өз еліне деген сүйіспеншілігі мен патриотизмі олардың заңға деген құрметінен көрінеді. Тәртіптің тізгінін берік ұстаған жастар барда, мегаполистің де, тұтас елдің де болашағы жарқын әрі сенімді болмақ.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: jsk.kz