• Пн. Сен 28th, 2026

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТАН САҚ БОЛ!

Автор:jsk.kz

Сен 28, 2026

Бүгінгі таңда елімізде қоғамдық сананы жаңғыртуға, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған ең басты идеологиялық және құқықтық ұстанымдардың бірі – «Заң мен тәртіп» қағидаты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, заң үстемдігі орнамаған жерде тұрақтылық пен даму болуы мүмкін емес. Бұл қағидат – тек қана құқық қорғау органдарының атқаратын жұмысы емес, бұл – барша қоғамның, әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуға тиіс ортақ құндылығы. «Заң мен тәртіп» қағидаты қазақ халқының дүниетанымына мен рухына жат емес. Халқымыз қай заманда да әділдік пен бірлікке ұмтылып, ата-бабаларымыз «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» сияқты бірегей құқықтық жүйелерді қалыптастырды. Бұл ережелер қоғамдағы тәртіпті реттеп қана қоймай, әрбір азаматтың құқығы мен міндетін айқындап берді. Бүгінгі таңдағы «Заң мен тәртіп» үндеуі – сол ғасырлар бойы қалыптасқан озық мемлекеттік дәстүрлердің заманауи жалғасы.  Мемлекеттің дамуы мен өркениетті елдердің қатарына қосылуы тек заңдардың қабылдануына ғана емес, әрбір азаматтың құқықтық санасына тікелей байланысты. Жастардың бойына отансүйгіштікпен қатар, тәртіпке бағыну мәдениетін сіңіру – отбасының да, білім беру жүйесінің де басты міндеті. Өскелең ұрпақ заңды мәжбүрлікпен емес, саналы түрде құрметтеп өскенде ғана біз толыққанды құқықтық мемлекет бола аламыз. Бүгінгі цифрлық дәуірде интернет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Оның көмегімен жұмыс істейміз, сауда жасаймыз, қызметтерге ақы төлейміз және қарым-қатынас жасаймыз. Алайда, технологияның дамуымен бірге интернет алаяқтықтың де түрлері көбейіп, алаяқтардың әдістері күн сайын айлакерленіп келеді. Шымкент қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің үйлестіруімен Мирас университетінде «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, подполковник Исмаилов Камилхан Бахтиярұлы қатысты. Кездесу барысында жастар өздерін қаржылық алаяқтықтан қорғау жолдары туралы ақпарат алып, маманға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, жастардың қаржылық қауіпсіздік бойынша білімдерін тексеру мақсатында арнайы ойын ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін сынап көрді. Қорыта айтқанда, «Заң мен тәртіп» – бұл тек ұран емес, бұл – әрбір саналы азаматтың ұстанатын басты бағдары. Еліміздің гүлденуі, әрбір отбасының амандығы мен болашағымыздың жарқын болуы ортақ тәртіп пен заң үстемдігіне тікелей байланысты. Өйткені тәртіпке бағынған ел ғана бақытты әрі қауіпсіз болашаққа жетеді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: jsk.kz