• 29 апреля, 2024 10:34 дп

ҰҚК баспасөз қызметі мемлекеттік органдар арасында үздік үштікке енді.

Автор:admin

Сен 25, 2023

📸Журналистердің тәуелсіз дауыс беру нәтижесі бойынша ҰҚК баспасөз қызметі мемлекеттік органдар арасында үздік үштікке енді.

📸Нәтижелер 2023 жылғы 20-22 қыркүйекте ел астанасында жыл сайын өткізілетін «Astana Media Week 2023» форумы барысында жарияланды.

📸Осы іс-шарада ҰҚК баспасөз қызметі басшысының орынбасары М.Б. Айнабековаға «Ақпарат саласының үздігі» наградасы табысталды.

📸ҰҚК баспасөз қызметі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді жариялау бойынша жұмысты бағалағаны және жемісті ынтымақтастығы үшін журналистік қоғамдастыққа алғысын білдіреді.

📸ҰҚК қызметі қоғаммен байланыс орнату үшін келесі ақпараттық ресурстардың жұмыс істейтінін атап өтеміз:

📱ведомстволық сайт — knb.gov.kz;

📱Instagram (knbgovkz, shekaraknbkz), Facebook (knbgovkz), Twitter (knbgovkz), Telegram (t.me/knbgov_kz), YouTube (knbgovkz, shekaraknb_kz), Tik-Tok (knbgovkz_official) әлеуметтік желілердегі аккаунттар.

📸Біз өз қызметімізде жұртшылыққа арналған ашықтық пен ҰҚК жұмысының ерекшелігіне байланысты қойылған шектеулер арасындағы балансты ұстануға тырысамыз.

Автор: admin