• 29 апреля, 2024 6:23 дп

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы: аудандағы шалғай елді-мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары

Автор:admin

Ноя 12, 2023

Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жыл­дығын кешегі кеңестік кеңістіктегі елдер арасында өзін қайта жаңғыру көшбасшысы сапына көтерген түбегейлі саяси және әлеу­меттік-экономикалық реформалар жасау жолындағы ауқымды да зор жетістіктермен қарсы алып отыр. Осы орайда  Шымкенттегі Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев атылмыш ауданның жыл соңына дейін 100 пайыз ауыз сумен қамтылатынын арнайы брифингте айтты. Аудан әкімінің сөзінше, Әл-Фараби — Шымкенттің орталық ауданы болғандықтан, мұнда тұрғындар үшін барынша жағдай жасалуда. Тұрғындар ауыз сумен — 98%, электр жарығымен  — 96,5%, табиғи газбен — 99,5%, кәріз жүйесімен — 87% қамтылған. Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланып, бүгінде аяқталуға жақын. Аудандағы 404 көшенің 124-і жарықтандырылды”,-деді Р.Мыңбаев. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшасы мен 9 спорт алаңшасы орнатылатын болады. Ауданның басты көшелерін (102 көше) көріктендіру-көгалдандыру, ағаштарды және гүлдерді күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, жасыл желектерді ретке келтіру, суғару, өсік шөптерді ору жұмыстары бойынша мердігер мекеме «Build stroi» ЖШС тарапынан жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері мердігер мекеме тарапынан басты көшелердің бойына 3 300 дана ағаш көшеті отырғызылса, жоспарға сәйкес жыл соңына дейін тағы 6 мың данасын қондыратын болады. Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында биыл бұл бағдарлама шеңберінде 59 жоба іске асырылады. Ал, ағымдағы жылы 11 ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. 6 ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынды. 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданда I-II сектор бойынша 11 ойын алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов (№70, 88-90, 89, 92 үйлер), «Спорт» шағынауданы (№9, 24 үйлер), Ә.Диваев (№142-142б-144, 140-144б, 146 үйлер), Дулати (№ 205) және Қазыбек би көшесіндегі (№195 а) үйлердің аулалары абаттанады. Жалпы биыл Әл-Фараби ауданы ойын алаңшасымен толық қамтылады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin