• 29 апреля, 2024 3:53 дп

Шымкенттің шалғай аудандарын газдандыру жұмыстары белсенді жүзеге асуда

Автор:admin

Ноя 13, 2023

Шымкент қаласы дамудың даңғыл жолына түскен мегаполистердің қатарында. Шымкентте табиғи газ тапшылығы мәселесі түпкілікті шешілмек. Жауапты мамандар осылай дейді.  Шымкент қаласында 5 елді мекенге табиғи газ жеткізілген. Сонымен қоса 3 магистральді газ құбыры мен №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы салынды. Жалпы, қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 17 нысанның құрылысы жүргізілді.
– Атқарылған жұмыс нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткіші 93 пайызға жетіп отыр. Ал таяуда іске қосылған №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы қаладағы абоненттерге газ жеткізу мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік береді Шаһарымызға жаңадан қосылған елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету шаралары күн санап қарыштап дамуда. Қаланың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы кешенді жоспар аясында бүгінде Тұран ауданы аумағындағы Арғымақ елді мекеніне табиғи газ жеткізілді. Былтырғы жылдың соңында Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. Техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерде абоненттеу жұмыстары жалғасып, нәтижесінде 564 абонент табиғи газға қосылады. Сонымен қатар, Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша құрылыс 2024 жылы аяқталады. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ 1, 2 кезең құрылыс жұмыстарын аяқтауға қаржы толық қаралған жағдайда 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Аата кетейік, жоспарға сәйкес елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы құрылыс жұмыстары қала аумағында 6 нысанда жалғасуда. Олар – Тассай, Тұран-3 кезек, Асар-2, Сауле шағынаудандыры, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га. Жуырда Ынтымақ шағынауданында да газдандыру құрылысы басталды. Қала әкімдігінің салаға жауапты басшылары аталған елді мекенде болып, жұмыс барысын қадағалады. Мердігер мекеме «Алия-Сервис» ЖШС-і жұмысшылары мен техникалық қадағалаушылар жалпы жұмыстың әзірге 10%-н атқарды. Жоба бойынша газ құбырларының ұзындығы 76,42 шақырымды, газдың қуаттылығы 15 255,36 м3/сағ. құрайды. Нысан толық пайдалануға берілгенде 4534 тұрғын үй табиғи газға қосылады. Өндірістік кестеге сай газдандыру құрылысы келесі жылы аяқталып, елді мекен халқы орталықтандырылған желіге қосылады. Шымкент қаласының әкімдігі жауаптыларға газ құбырларын жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтап, жергілікті халыққа қолайсыздық тудырмауды назарға алуды ескертті. Сондай-ақ қала аумағындағы өзге де нысандардағы газдандыру жұмыстарының сапасын, өндірістік кестеге сай атқарылуын қадағалауды тапсырды.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin