• 28 марта, 2024 11:41 дп

ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АНА ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Автор:admin

Июл 11, 2022

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында «Бақытты жанұя» орталығының басшысы А.Қалымбет мәлімдеді. Комиссия төрағасы, қала әкімнің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, құзырлы мемлекеттік органдар және жергілікті үкіметтік емес ұйым басшылары қатысқан жиында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Отырыста көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көрсетіліп келетін көмектің жай-жапсарын баяндаған «Бақытты жанұя» орталығының басшысы 4 269 ана жұмыспен қамту шараларына тартылғанын, 1225 ана қоғамдық жұмыспен қамтылғанын және 2 882 ана тұрақты жұмыспен қамтылғанын атап өтті. Сонымен бірге, 373 ана кәсіптік тегін оқу курсынан өтіп, 162 ана мемлекеттік грант алған. Бұдан бөлек, жиында «Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау: ана мен бала өлімінің проблемалары туралы» денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков, «Қиын өмірлік жағдайға тап болған, отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтардың дағдарыс орталығындағы жағдайы, өзекті мәселелері туралы» №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Н.Асанов баяндама жасады. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Өңірлік комиссия тарапынан тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша бірқатар құзырлы органдарға ұсыныстар берілді. Бизнестің бәсекелестігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттің экономикадағы коммерциялық қызмет қатысушысынан бастап жеке сектордың ішкі нарықтағы өсуі мен оның халықаралық нарықтарға одан әрі экспансиясы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге дейінгі рөлін қайта қарау қажет.

Ол үшін мемлекет мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындарды жекешелендіру, тиімсіз компанияларды жою, МЖӘ құралын кеңейту және рәсімдері мен тетіктерін оңайлату есебінен бәсекелес ортаны қалыптастыру мүмкін болатын экономика секторларынан шығуды жалғастырады.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау деңгейін, кедергілер санын азайту есебінен жеке бизнесті дамыту мүмкіндіктері кеңейтіледі. Реттеу шектеулері мен рәсімдердің барынша ықтимал саны дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келтіріледі. Бәсекелес ортаға берілуі тиіс мемлекеттік органдардың функцияларына жыл сайын іріктеу жүргізіледі.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin