• 23 апреля, 2024 7:31 дп

ШЫМКЕНТТЕ “ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ” ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ДЕНІ ЖАСТАР

Автор:admin

Июл 12, 2022

Қазақстанның жеделдетілген дамуы өңіраралық бәсекелестік пен кооперациямен ынталандырылған әр өңірдің әлеуетін ашу есебінен болады. Ол үшін өңірлердің экономикалық дербестігі мен жауапкершілігі орындарда әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру өкілеттіктерді беру және бизнесті қолдау шараларын таңдау, инвестициялар тарту, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және инфрақұрылымды дамыту,орындарда кадрлық ресурстарды басқару есебінен арттырылады.

Бұл ретте тиісті мәслихаттарға, халыққа, бизнеске және сарапшылар қауымдастығына тұрақты есеп берудің толықтығын, ашықтығын, қолжетімділігі мен дұрыстығын арттыру есебінен жергілікті биліктің есеп беруге міндеттілігі қамтамасыз етіледі.

Халық саны 2 мың адамнан артық облыстық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттер мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті және коммуналдық меншікке енгізіледі. Қоғамдық сананы жаңғырту» реформасы күшті және жауапты адамдардың бірыңғай ұлтын қалыптастыруға бағытталған. Негізгі нәтижесі тұрғындардың өз болашағына деген жауаптылығының, жеке бәскелестікке қабілеттілігі мен прагматизмінің артуы, сондай-ақ экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу болып табылады. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағидаттары Мемлекет басшысы — Ұлт көшбасшысының «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, бағдарламалық мақалалары шеңберінде көзделіп, қол жеткізіледі. Үкімет бұл бастамаға қатысады және осы бағытта өзінің іс-қимыл жоспарын әзірледі.  Осы орайда Шымкентте жас мамандарды жұмысқа орналастыру және зейнет демалысына шығатын жұмысшыларға лайықты ізбасар дайындауды мақсат еткен “Ұрпақтар келісімшарты” жобасына қатысып, жұмысқа жолданып жатқандардың дені  — жастар. Солардың бірі — Нилюфар Убайдуллаева. Ол өткен жылы Шымкенттегі Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжін “Тігінші” мамандығы бойынша тәмамдаған. Осы жылдың маусым айының басында ол “Ұрпақтар келісімшарты” жобасына қатысуға өтінім беріп, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына тиісті құжаттарын өткізіп, нәтижесінде жеке кәсіпкер “Қасиет Collection” тігін цехына жолданған. Жас маман аталған өндіріс орнында зейнет жасына жақындаған тігін шебері Гүлчехра Егембердиевамен (суретте) орын ауыстыратын болады.

— Бұл жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыссыз жастар үшін зор мүмкіндік деп ойлаймын. Тәжірибе жинақтайсың. Тәжірибелі тәлімгерден істің қыр-сырын үйренесің. Жобамен келгеніме еш өкінбеймін. Өзімді жақсы қырымнан көрсетсем тұрақты жұмысқа тұруға да мүмкіндік мол, — дейді Нилюфар Убайдуллаева.

Биыл Шымкентте “Ұрпақтар келісімшарты” жобасымен 24 адамды жолдау жоспарланған.

Аталған жобаға қатысушының айлық жалақысы — 91890 тг. Мерзімі — 6 ай.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin