• 26 апреля, 2024 5:42 дп

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Автор:admin

Июл 11, 2022

Реформа мемлекет пен мемлекеттік монополиялардың рөлін қысқартуға, бизнес жүргізуде тосқауылдарды азайтуға, жеке, негізінен орта кәсіпорындардың өсуін ынталандыруға бағытталған. Негізгі нәтижелер бәсекелес ортаны дамыту, жеке секторды және кәсіпкерлік бастаманы өзектілендіру, шикізат емес экспорттың өсуі болады. Қазіргі бизнеске салынатын реттеушілік жүктеме жылдам экономикалық өсуге жәрдемдеспейді. Мемлекет нарықтарда әлі де елеулі рөл атқарады. 18,6%-ын ЖІӨ-дегі мемлекеттік сектордың жалпы қосылған құнының үлесі құрайды. Мемлекет сектор қаржыны ғана емес, сол сияқты білікті кадрларды да өзіне тартып отыр. Үкімет бизнесті қайта реттеу бойынша қабылдап жатқан шаралар Қазақстанға 2017 жылы өз көрсеткіштерін 15 тармаққа жақсартып, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде 36-орынға ие болуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, бизнес-қоғамдастықтың пікірінше, бізге жетілдірілген бәсекелестік туралы айту әлі ерте. Қазақстанның Үшінші жаңғырту шеңберіндегі жаңа экономикалық өсу моделі жеке сектордың жетекші рөліне негізделеді. Нақ өзі одан әрі дамудың қозғалтқышына айналуы, технологиялық жаңарудың бағыттарын айқындауы, өз жұмыскерлерінің құзыреттері мен дағдыларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуі, инвестициялар жүргізуі, жаңа кәсіпорындар мен салаларды құруы тиіс. Бүгінде Отбасы банк пен жеке құрылыс компаниялар ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісімшарт жасасқан. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады.  Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, аталған жағымды жаңалықпен бөлісті. Қала тұрғындары бір жерден құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай алады, тіпті 3 млн теңгеге дейінгі жеңілдікке ие бола алады. Егер келуші тұрғын үйді таңдаса және бірден банк кеңесшілерінен кредитке алдын ала мақұлдау алса, онда жеңілдік  алуға болады. Ол 15 минут ішінде жасалады. Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банк арқылы 2 мың азаматқа ипотекалық кредит мақұлданған. Бұл күн сайын 10-15 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлайтындығын білдіреді.  Шымкентте Отбасы банк арқылы жинақтау және әріқарай тұрғын үй сатып алу үшін тағы 18 мың жаңа салым шоты ашылған. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, азаматтар тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша кредит алу мүмкіндігі бар. Айта кету керек, Шымкент қаласының “Арбат” демалыс аумағында өткен жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі 9 шілде күні де жалғасатын болады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin