• 19 апреля, 2024 1:34 дп

Биыл Қазақстанда жаңа жылдық корпоративтер мен ертеңгіліктерді жасауға бола ма — Министр жауап берді

Автор:admin

Дек 14, 2022

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет аясында жаңа жылдық кештер мен корпоративтерге тыйым салынбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jsk.Kz  ақпарат агенттігі.

 

Министр биыл жаңа жылды емін-еркін тойлауға болатынын айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда ауру өршіп тұрған жоқ.

Журналистер көптеген ұйымдардың маска режиміне оралғанын ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігі қандай  шектеулер қоятынын сұрады.

«Жоқ, шектеу енгізілмейді. Қазір вирустық және коронавирустық инфекциялар көбейіп келеді. Апта бойынша қарасақ, тәулігіне 200-ден астам науқас тіркелгенін көруге болады. Сондықтан көпшілік жиналатын жерлерде маска киюді ұсынамыз», – деді Ғиният.

Автор: admin