• 22 февраля, 2024 4:53 дп

«ШЫМКЕНТ ПАЛАУЫ -2022» ФЕСТИВАЛІНЕ 41 АСПАЗ ҚАТЫСТЫ

Автор:admin

Ноя 4, 2022

Шымкент қаласында дәстүрлі «Шымкент палауы -2022″ халықаралық палау фестивалі өтіп жатыр. Достық дастарханын  «Қоғамдық келісім» мекемесі, Шымкент қаласы ҚХА, ҚР өзбектерінің «Дустлик» қауымдастығы » бірлесе ұйымдастырды. Биылғы фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан Республикасынан, Алматы, Шымкент, Тараз қалалары менТүркістан облысынан аспаздар келген. Жалпы 41 аспаз палаудың 41 түрін дайындады. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары  Мақсұт Исахов халықтар арасында достықты дәріптеу мақсатындағы іс-шараны ұйымдастырушыларға, демеушілерге алғысын жеткізді. ҚР өзбектерінің «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов фестивальдің жылдан жылға аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.  Фестивальде үздіктердің үздігін әділ қазылар алқасы анықтайды. Жалпы барлық қатысушылар арнайы сый-сияпаттар және Алғыс хаттармен марапатталады. Мемлекеттің экономикадағы рөлін азайту. Мемлекеттің экономикадағы рөлін оңтайландыру мемлекеттік меншік үлесін, сондай-ақ өнеркәсіп және инфрақұрылым кәсіпорындарына мемлекеттің қатысу деңгейін азайтуға, мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыруға бағдарланатын болады. Қысқа мерзімді перспективада мемлекеттің компаниялар капиталына қатысу шарттарын регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігі жөнінде туралы мәселе пысықталатын болады.  Орта мерзімді перспективада жекешелендірудің жаңа кезеңі өтетін болады. Ол үшін қолданыстағы мемлекеттік компанияларды талдау негізінде жеке секторға тапсырылуға жататын кәсіпорындар тізбесі айқындалатын болады.  «Халықтық IPO» ұлттық компанияларының акцияларын бастапқы орналастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыру жалғасады. Қазақстанда бағалы қағаздардың тартымды нарығын құру одан әрі экономикалық өсуді қамтамасыз етуде шешуші маңызға ие болады. Шағын және орта бизнесті дамыту. Экономикалық өсудің негізгі қозғалтқышы ішкі және халықаралық нарықтарда еркін бәсекелесетін шағын және орта бизнес болмақ. Елдегі іскерлік ахуал әлемдегі неғұрлым тартымдылардың бірі болады. Бұған рұқсат беру жүйесін жетілдіру және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету ықпал ететін болады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру тұжырымдамасы шеңберінде рұқсат беру заңнамасының жаңа қағидаттары енгізілетін болады. Рұқсат ету құжаттарының бірыңғай тізбесінің бекітілуімен және оларды қызмет түрінің қауіпсіздік дәрежесі мен күрделілігі бойынша сыныпталуымен, интеграцияланған жүйе құрылатын болады. Қысқа мерзімді перспективада үлгілік бизнес-процестерге сәйкес бірыңғай тұғырнамада рұқсат ету рәсімдерін толық автоматтандыру қамтамасыз етілетін болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin