• 25 апреля, 2024 2:11 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

Автор:admin

Ноя 4, 2022

Шымкент қалалық онкологиялық орталығының дәрігерлері осы күндері Астана қаласында өтіп жатқан «Онкологияға инновациялық технологияларды енгізудің тәжірибесі мен болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми практикалық конференцияға белсенді қатысуда. Мамандар түрлі тақырыпта баяндама жасап, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісуде. Мұндай іс шаралардың дәрігерлер біліктігін арттыруда, сондай-ақ қатерлі ісікпен күресті нығайтуда маңызы орасан. Дүние жүзі елдерін алаңдатып отырған онкологиялық аурулармен тиімді күресу мақсатында ұйыстырылған іс шараға отандық дәрігерлермен қоса Ресей, Ундістан,Грузия ТМД елдерінің жетекші онколог мамандары қатысуда. Жергілікті дәрігерлер халықаралық конференцияда онкологиялық ауруларды емдеуде тың әдістермен танысып, медицинасы озық дамыған мемлекеттердің қолданысындағы заманауи тәжірибелерді меңгеруге мүмкіндік алып отыр. Айта кетейік, Шымкент қалалық онкологиялық орталығының мамандары біліктіліктерін арттыруда шетелдік әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Мұндай тәжірибе алмасу шаралары қалада қатерлі ісік ауруларын алдын алуда, емдеуде оң нәтижелерін беруде. Елдің әрбір тұрғынына таза суға, ауаға және толымды биоресурстарға қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады. Қоршаған ортаның қолайлы жағдайын қолдау және экологияға зиянды әсер етуді барынша азайту жөнінде шаралар енгізіледі. Саламатты өмір сүру салтын ынталандыру. Саламатты өмір сүру салтын қалыптастыру және жаппай тарату шеңберінде спортпен, оның ішінде жұмыс орындарында айналысуға жағдай жасалады. Жұмыс берушілердің қызметкерлер денсаулығын нығайту жөніндегі бағдарламаларды енгізуі осы шаралардың бірі болады. Халықаралық тәжірибе тәуекел факторларына бірінші кезекте назар аудару ұзақ мерзімді перспективада едәуір табыс алып келетінін көрсетеді. Осыған байланысты, алкоголь мен темекіні шектен тыс тұтыну, дене қозғалысы белсенділігінің жетіспеушілігі және дұрыс тамақтанбау сияқты денсаулыққа теріс ықпал ететін факторлар жөнінде халықтың хабардарлылығын арттыру бойынша шаралар қабылданады. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының санын және өндірістік жарақаттану деңгейін азайту бойынша шаралар қабылданатын болады. Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру. Ұзақ мерзімді перспективада аурулардың алдын алу және ерте анықтау – денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарына айналады. Өз денсаулығы үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ынтымақты жауапкершілігі қағидаттарын кезең-кезеңмен енгізу жүзеге асырылатын болады.
Jsk ақпарат

Автор: admin