• 25 апреля, 2024 12:06 дп

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ ЖАҚСАРДЫ

Автор:admin

Ноя 4, 2022

Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда 1000 қоғамдық көлік бар. Оның ішінде 876 автобус жолаушыларды тасымалдап жүрсе, қалғаны резервте тұрады. Жалпы, шаһарда жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 10 көлік компаниясы бар. Олар: «Shymkent-Bus», «T-Bus», «Автоимпульс», «MAN-Оңтүстік», «М и Р и Со», «ТТК», «Радуга транспорт»,  «Санжар-Моторс», «Абдуганиев» және «Автокомбинат №4».  Қоғамдық көлік саласының қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан өтініш жиі түсіп тұратыны жасырын емес. Осыған байланысты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан биылғы сәуір айында бақылау жұмыс тобы құрылған болатын. Тұрғындар мен мамандардан құрылған арнайы топ жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениетін, жол ақысын төлеудің заңдылығын, қоғамдық көліктердің тазалығын, автобустардың уақтылы жүруін қадағалайды. Сонымен қатар, қала ішіндегі бағыттарда жүретін автобустарға қатысты күнделікті рейд жүргізіледі. Соның нәтижесінде жол жүру ережесін бұзудың 442 дерегі анықталып, тиісті шара қолданылды, дейді жауапты мамандар. Осылайша бүгінде қоғамдық көлік саласының қызметіне талап едәуір күшейтілген. Ал бұл, өз кезегінде, қызмет сапасының жақсаруына септігін тигізеді. Қазақстан жаһандық әлемнің бір бөлігі болып табылады және ағымдағы үрдістерден шет қала алмайды. Бұл үрдістердің кейбірі елді жаңғырту үшін жаңа мүмкіндіктер құратын болса, кейбірі Қазақстанның дамуы үшін кедергілер келтіруі мүмкін. Бұл үрдістердің Қазақстанға әсер ету дәрежесін нақты бағалау өте қиын. Бұл ретте қазіргі уақытта пайда болуын болжау мүмкін емес жаңа трендтер мен сын-қатерлер туындауы мүмкін.  Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру теріс трендтерге икемді ден қоюға және қолайлы әлемдік өзгерістерден барынша пайда табуға мүмкіндік беретін даму стратегиясын қалыптастыруды талап етеді.  Сарапшылардың пікірі бойынша, 2050 жылға дейін әлемдік экономика конфигурациясында елеулі өзгерістер күтіледі. Бүгінгі күні Қазақстан үшін демографиялық өзгерістер, экономикалық жаһандану, дамушы мемлекеттердің экономикалық өсуі, технологиялық процестердің жеделдеуі, энергияны тұтынудың әлемдік теңгеріміндегі өзгерістер, сондай-ақ климаттың өзгеруі жаһандық және өңірлік сипаттағы неғұрлым маңызды үрдістер болып табылады. Дамыған және дамушы елдердегі демографиялық үрдістер белгілі бір шамада әлемнің барлық елдеріне жақындайтын және туындайтын болады. Қазіргі уақытта дамыған елдерде халықтың азаю мен қартаю үрдісі байқалуда, ал көптеген дамушы елдерде бала туу саны жоғары. Даму шамасына қарай дамушы елдердегі бала туу деңгейі төмендейтін, ал өмір сүру ұзақтығы ұлғаятын болады. Ұзақ мерзімді перспективада әлемнің барлық елдерінде халық санының және жас мөлшерінің құрылымы тұрақтанатын болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin