• 13 октября, 2024 10:30 дп

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Авг 1, 2022

Шымкент атауын естігенде бәріміздің көз алдымызға шым шаһарды шыжыған шілдесі елестейтіні бар. Бастауы терең тарих қойнауында жатқан Шымқала тарихи деректерге сүйенсек б.з. ІІ-ғасырда құрылған екен. Ал бірнеше жыл бұрын қала тұрғындары миллионға жетіп, мегаполиске айналған жайы бар. Қаладағы халық саны мемлекет аумағы бойынша үшінші орында болса да, бейресми мәліметтер бойынша халық саны әлдеқайда көп. Қала жылдан жылға ерекше мәдени көрікке еніп келе жатқан жайы бар.  Қала атауына келсек шым сөзі кейбір деректер бойынша жасыл аймақ, өлке деген мағынада. Дегенмен де бұл деректер нақты емес.  Бір кездері Қазақстан Ресей құрамына енуіне байланысты атауы Черняев болып өзгертілген болатын. Кейіннен наразылық туындап 1921 жылы қайтадан Шымкент атауы берілді. Ал бүгіндері қаланы тұрғындар Шымқала, Шым шаһар, Шырайлы Шымкент деп те атай береді.  Шымкенттің көрінісіне келсек ол табиғат пен заманауилықтың тоғындысындай. Шымкенттен нағыз қазақилықтың иісі аңқиды. Көрнекі орындары тарихпен ұштастырылып, заманауилықтың сияларымен біріктіріліп, көрер көзге ерекше көрініс сыйлайды. Мұнда заманауи бизнес орталықтарынан бастап, сауда, ойын, сауық орталықтары жетерлік. Бұл сәтте Шырайлы Шымкенттің той думанның ордасы екендігін айтпай өтуге болмас.  Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Абай ауданы тұрғындарымен жоспарланған есепті кездесуі өтті. 6 айдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін баяндап, тұрғындар сауалына жауап берді.

—           Халықпен кездесулер өткізудің 2022 жылға арналған күнтізбелері бекітіліп, тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізілуде. Бұл жаңа әдістің қажеттілігі мен тиімділігіне көз жеткізіп отырмыз. Себебі, мен 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткіздім. Жалпы кездесулерде қала тұрғындарынан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалып, 316-ы жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді шешуді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген» — деді М.Әйтенов.

Оның ішінде Абай ауданы тұрғындарымен 18 елдімекенде 63 кездесу өткізген. 216 мәселе көтеріліп, бүгінде 86-сы шешілді, 97-сі орындалуда. 36 мәселе екі жылдық жоспарға енген.

Айта кету керек, әрбір мәселе ауданда құрылған Қоғамдық бақылау кеңесімен мақұлданып, зерделеніп отырды.

Jsk ақпарат

Автор: admin