• 26 апреля, 2024 12:37 пп

ШЫМКЕНТ:  МЕМОРАНДУМ НЕГІЗІНДЕ 1776 БАЛА СУДА ЖҮЗУ КУРСЫ БОЙЫНША ТЕГІН САБАҚ АЛДЫ

Автор:admin

Авг 1, 2022

Суға жүзу жаттықтыруларымен шұғылдану тұлға түзулендіреді, бұлшық еттерді үйлесімді дамытады, тыныс алу және жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметтерін жақсартады, жалпақтабандылықты болдырмайды. Судың, ауаның температуралары әртүрлі болатындықтан адам ағзасын шынықтыру рөлін де орындайды. Суда көлденең қалыпта болып (омыртқа тік жүрген кездегі дене ауырлығы қысымынан босайды), тура және біркелкі жүзу қимылдарын орындайтындықтан суда жүзу кездерінде тұлға түзуленеді, әртүрлі қисаюлар болса дұрыс қалыптарға келеді. Жүзу жаттығулары жүрек-қан тамыры жүйесіне өте жақсы әсерін береді. Судағы көлденең дене қалпы, үлкен бұлшық еттер тобының үйлесімді қимылы, терең, ретті тыныс алу венадағы қандардың қайтуына, қанның систоликалық көлемінің ұлғаюына әсер етеді. Жүзу кезіндегі жүрекке түсетін жүктеменің жеңілдігі кәрі жастағы адамдардың осы спорт түрімен шұғылдануына мүмкіншілік береді. Алайда белгіленбеген жайларда жүзу нысандары анықталып арты өкінішті жағдайға ұлсатын кездерде жоқ емес, бұл туралы  Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының  төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының  бастығы, капитан Н.Қаракөзев  шомылу маусымында жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары бойынша баспасөз брифингін берді.

Спикердің сөзінше, Төтенше жағдайлар департаменті жазғы кезеңде балалардың қауіпсіз демалуына ерекше көңіл бөліп, су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп суда төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендету бойынша іс-шаралар кешенін жүргізген. Нәтиежесінде, қалада су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 орын, шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталған.

«Департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп 2022 жылға балаларды, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тегін оқыту, шомылу орындарында жүзу бойынша бассейн иелерімен 10 меморандум бекітілді. Қазіргі уақытта Меморандумға сәйкес 1776 бала үйретілді.

Күн сайын қоғамдық орындарда болу, су пайдалану және судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзушылықтардың жолын кесу бойынша рейдтер мен патрульдеу жүргізіледі»,-деді спикер. Шомылу маусымында Департаменттің жедел-құтқару жасағының 55 құтқарушысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, қала аумағында 40-қа жуық жеке құтқарушы 18 объектіде (аквапарктарда, бассейндерде) суда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Оларға жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары үйрету сабақтарын өткізген.

Сондай-ақ, қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқу орындарында 24 интерактивті сабақ, 40-қа жуық жиын өткізілді, 30 билборд орнатылды, 22564 үгіт өнімдері (парақшалар, жадынамалар, брошюралар) таратылды, су айдындарында 55 тыйым салу белгілері орнатылды. Жергілікті телеарналарда және ЛЭД экрандар арқылы бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылып, жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік қағидаларын жеткізу мақсатында тақ күндері 22 республикалық, 4 жергілікті телеарналар мен 3 радиоарнаны (11 рет) ұстап алу жолымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Jsk ақпарат

Автор: admin