• 27 апреля, 2024 2:02 дп

АБАЙ АУДАНЫ БИЫЛ ЭЛЕКТР ЖӘНЕ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Автор:admin

Авг 2, 2022

 

    Шымкент қаласы жыл санап түрленіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеп келеді. Халқының саны да бұрнағы жылдармен салыстырғанда едәуір артып, ел-жұрттың тұрмыс-тіршілігі де жақсара түсуде. Иә, Шымкент қаласының тұр­ғын­­дары да шаһардың гүлденіп, көр­кейіп келе жатқанын айтуда. Бү­гінгі Шымкент – мемлекетіміздің өнді­рістік қарқындылығын арттыруда айрықша үлес қосатындықтан экономикалық даму саласында маңыз­ды рөл атқарып отырғаны сөзсіз. Сонымен қатар мақта-тоқыма шаруашы­лығы, фармацевтикалық және мұнай өңдеу кластері аясында жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өнім өндіретін қала ретінде еуразиялық континенттегі халықаралық транзиттік орталықтың біріне айналуға мүмкіндігі зор. Қала әкімінің есепті кездесуінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов ауданның инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу барысы туралы айтты.  Осы жылы ауыз сумен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл мақсатта Құрсай (Арғымақ) шағын ауданында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап елдімекендерінде құрылыс жұмыстары осы жылы ақталып, электр желісімен қамтылу көрсеткіші де 100 пайызға жетеді.  Биыл табиғи газбен қамту көрсеткіші 91 пайызға жетеді. Осы мақсатта Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, Ақтас, Ақтас-2, Нұршуақ елдімекендерінде құрылыс жұмыстар басталды, жыл соңына дейін аяқталады. Нұршуақ тұрғын алабындағы жұмыстар келесі жылға өтпелі.  27 мың халқы бар Самал-3 және 6300 халқы бар Солтүстік-батыс шағын аудандары осы жылы кәріз жүйесімен қамтылады. Қамтылу көрсеткіші 41,4 пайызға жетеді.  56,5 шақырымды құрайтын 39 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасы өзінің нәтижелілігін көрсетуде. Абай ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 5,1 есеге артқан.  Ауданды өткен жылы 7 үйдің ауласы абаттандырылған болса, биыл 32 жобаға қаржы бөлінді. 1-кезеңде 5 үйдің ауласы, 27 елдімекен жоспарға енген, ал 2-кезеңде 5 үйдің ауласы абаттанады. Бұл жұмыстарды тұрғындар дауыс беру арқылы таңдаған болатын.  Жоба аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады.

Jsk ақпарат

Автор: admin