• 13 октября, 2024 11:44 дп

ШЫМКЕНТ:МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР МЕН КӘСІПКЕРЛІККЕ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ АҚЫСЫЗ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ

Автор:admin

Авг 6, 2022

Шымкентте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жолмен ақша табатын азаматтар көбейген. Осы ретте,қайтарымсыз мемлекеттік грантты алып беру, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздерінде оқытатын курстарға ақылы түрде азаматтарды тіркеу фактілері де жиілеген. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова брифингте ресми мәлімдеді.

– Алаяқтар өздерін  азаматтарға жоғарыда көрсетілген мемлекеттік шараларға тарту мақсатында қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының атын жамылып және мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырған. Нәтижесінде бірқатар қала тұрғындары алданып, жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, аудандық ішкі істер бөлімшелеріне арыздарын жазуда. Бұл ретте, қала тұрғындарын мұндай іс-әрекеттерге бармауға, алаяқтықтарға алданбауға шақырамыз. Егер де, сенімсіздік болса, немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз құзырлы органға (1424 Адалдық алаңы), қалалық жұмыспен қамту басқармасына (27-74-31) шағымдануына болады. Бұл мемлекеттік шаралар ақысыз және қолжетімді жүргізіледі, — деді Балмаржан Полатқызы. Спикердің сөзінше, қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ағымдағы жылдың сәуір айында business.enbek  порталы арқылы азаматтан өтінім қабылданып, нәтижесінде 437- і өтінімнің 336-сы комиссияға ұсынылған, ал тиісті санаттарға жатпайтындар саны 101. Комиссия қаралымына ұсынылған 226-ы азаматтың бизнес-жоспарлары мақұлданған. Ал кері қайтарылғаны 110. Оң нәтиже алған жастар санатынан 36 болса, 157-сі халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 тамызынан бастап  2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберіндегі 400 АЕК көлеміндегі (1 225 200 тг дейін) қайтарымсыз гранттар алуға  өтінім қабылдау басталады. Өтінім «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Осы шараға қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. Қайтарымсыз грантты алуға Үміткердің санаттары көрсетілген. Олар: еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар азамат, қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар азамат, өңіраралық қоныс аударушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы / зайыбы), асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар, 29 жасқа дейінгі жас азаматтар қатыса аладады және үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінде оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Jsk ақпарат

Автор: admin