• 28 марта, 2024 3:03 пп

ШЫМКЕНТТЕ: 17 МЫҢҒА ЖУЫҚ АРЫЗ-ШАҒЫМ ШЕШІМІН ТАПҚАН

Автор:admin

Авг 5, 2022

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір¬ді міне, осы екі ауыз сөзге сый¬ды¬руға болады. Бізді қуантатыны, ай¬ты묬ған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем¬лекеттік институттардың рөлін ны¬ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо¬стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі¬нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу-меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді. Бүгінгі қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте тұрғындармен кері байланыс, арыз-шағымдардың орындалу барысы талқыланды. «i-Shymkent 109» орталығының басшысы А.Әміртаев өз баяндамасында Шымкент қаласының ситуациялық орталығына тұрғындардан 17 197 арыз-шағым келіп түскенін, оның ішінде 16 915-і орындалған, 282 арыз орындалу барысында екенін атап өтті. Соның бірі АСАР-2 ЕЛДІМЕКЕНІНДЕГІ АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА Қаратау ауданына қарасты Асар-2 елдімекенінде ауыз су (2-кезек) құрылысы жүргізілуде. Биыл10 маусымынан басталған құрылыс жұмысының бүгінде 40 пайыздан астамы аяқталды. Яғни, жоспарланған 54,2 шақырымдық су құбырының 21,5 шақырымы тартылды. Құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде Асар-2 елді мекеніндегі 1000 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылады.
Ал, сапалы электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы биыл басталып, 2023 жылы аяқталады. Сонымен қатар, шағын аудандағы Нұрлы жол және №4 көше жарықтандырылады.
Тұрғындар көбіне «Tolem» картасында орын алған ақаулар, жарықтың ескертусіз сөнуі, Нұрсат шағын ауданындағы электр желісінің жиі істен шығуы, Қошқар ата өзені аумағының тазалығы, қоғамдық көліктер жүру кестесі нормаларының сақталмауы, сызбасының (маршрут) өзгеруі секілді мәселелерді көптеп көтерген. Жиында жауапты мекемелердің рейтингісі жарияланып, сапасыз жұмыстар үшін қала әкімі тарапынан кейбір басшыларға қатаң ескертулер берілді. Қоғамдық көліктерге қатысты жүйелі тексеру шараларын ұйымдастыруды, сонымен бірге, электр қуаты бойынша Энергетика басқармасына нақты тапсырмалар жүктеді. 6 айлық есептегі кемшіліктер бойынша сала басшыларының тікелей жауаптылығын атап өтті.
Jsk ақпарат

Автор: admin