• 24 апреля, 2024 5:40 пп

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП БІРДЕЙ

Автор:admin

Авг 6, 2022

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем­лекеттік институттардың рөлін ны­ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі­нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.  Президент білім беру ісіне мемле­кеттің дамуындағы стратегиялық ма­ңызға ие сала ретінде қарап, оқу­лық­тардың сапасы, қала мен ауыл мек­тептерінің білім берудегі алшақтығы сияқты мәселелерді орынды көтерді. Мем­лекет басшысы білім беру жүйе­сіне кәсіптік бағдарлау саясатын енгізу­ді, сол арқылы оны еңбек нарығының сұра­ныс­тарына бейімдеуді жүктеген болатын Әрине қалың елдің жүрегіне жол табу да оңай емес. Ол үшін билік пен халық арасында ашық диалогқа құрылған алтын көпір болуы керек. Осы жағына көбірек көңіл бөліп жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев көп уақытын бұқарамен кездесуге, ашық-жарқын пікір алмасуға, елдің жағдайымен жақыннан танысуға арнап жүр. Қ.Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі қызметінің ең басты ерекшелігі – оның әр сөзі, әр қадамы, әр шешімі және әрбір ісі арқылы халыққа жақындауға ұмтылуы.

. «Мектеп – балалардың сапалы әрі қауіпсіз білім алатын ордасы болу керек, бұл талап барлық мектепте орындалуы шарт» — деген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан салынып жатқан мектептердің құрылыс барысын тексерді. Шымкентте үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған. Қаламызда жекеменшік мектептердің үлесі артып келеді. Биылғы жылы қолданысқа берілетін 24 мектептің 20-сы жеке инвестор есебінен.

✔ Нұрсат шағын ауданы, Нұр-Сұлтан даңғылында орналасқан 300 орындық «Жас-Дарын-5» жекеменшік мектебі – өткен жылы құрылысы басталған мектеп биыл пайдалануға беріледі. 3 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, мәжіліс залы, спорт зал, мед кабинет қарастырылған.

✔ Қаратау ауданы, Бозарық шағын ауданындағы 240 орындық «Жас-Қанат» жекеменшік мектебі – жоспарға сай 3 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, мәжіліс залы, спорт зал, мед кабинет те болады.

✔ Қаратау ауданы, Достық шағын ауданындағы 300 орындық «Жан-Нұр» жекеменшік мектебі — 2 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, спорт зал, мед кабинет болмақ.

Сонымен бірге, Асар шағын ауданындағы 500 орындық «Keremet-City», 240 орындық «Нұртас» интеллектуалды жалпы орта мектебі және Ақжайық шағын ауданындағы «PARASAT AJ»  мектептері бой көтеруде.

Барлық мектептің жаңа дизайнда, сапалы элементтерден жасалуы шахар басшысының жіті бақылауында.

Jsk ақпарат

Автор: admin