• 3 декабря, 2024 5:02 пп

ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ КОДЕКСКЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Апр 15, 2021

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасында болып, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген бірқатар өзгерістер бойынша медицина қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.        

 

Бекітілген жаңа заң аясында өрбіген жиынға облысқа қарасты ауруханалардың бас дәрігерлері мен медицина қызметкерлері және бейнебайланыс арқылы барлық  қала/аудандардың дәрігерлері  қатысты.  

 

Денсаулық саласында туындайтын сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мәселелері кең талқыланған жиында Мирас Асқарбайұлы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша құзіретін бекітетін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген бірқатар өзгерістерді баяндап,  бұдан былай өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды алу және беру бойынша көрілетін жауапкершіліктің күшейтілгенін  мәлімдеді .    

    Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған мемлекеттік орган басшылары Кодекстің 680-681 бабы шеңберінде айыппұл төлейтінін және қызметтен тыс қаржыландыру көзімен айналысқан мемлекеттік органдарға 1,8 млн.теңге айыппұл салынатынын  жеткізді.  

Жиын соңында Департамент басшысының бірінші орынбасары бұдан былай қатысушыларды  пара алу, пара ұсыну, делдалдық ету сынды парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды.  

 

Автор: admin