• Пт. Дек 2nd, 2022

«AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI Съезіне Шымкент қаласы атынан қатысатын делегаттар сайланды

Автор:admin

Июл 9, 2022

 

Делегаттар тізімі партияның жастар қанатының Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс IV конференциясында қабылданды.

Аталған Съезге Шымкент қаласынан 15 делегат қатысатын болады. Оның ішінде жастар ұйымдарының көшбасшылары, қалалық мәслихат депутаттары, ғылым және мәдениет саласының мамандары, атақты спортшылар және т.б. бар. Сайланған делегаттар белгіленген квота бойынша анықталды.

▫️Айта кетейік, «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI Съезі ағымдағы жылдың 11-14 шілде аралығында Ақмола облысы, Зеренді ауылында өтеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 350-ден астам делегат қатысады.