• 28 марта, 2024 11:57 пп

ШЫМКЕНТ: НҰРТАСТА ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ  ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Автор:admin

Июл 8, 2022

Жаңа өмір сүру сапасы мен жаңа экономикалық өсу сапасы – Қазақстанның жоғары дамыған ел деңгейіне қол жеткізуі үшін аса маңызды міндеттер. 2025 Стратегиялық жоспарының ерекшелігі: сапалы мақсаттар барынша нақтыланған. Айқын сапалы индикаторлардың болуы Үкіметке даму сапасын басқаруға мүмкіндік береді, ал бұл қазіргі даму кезеңіндегі өсу моделіне қойылатын аса маңызды талап. Нақты сапа индикаторларына біртіндеп бағдар жасау үкіметтік және өңірлік деңгейде мемлекеттік басқарудың тиімділігін елеулі арттыруы тиіс. Белгіленген деңгей барлық ведомствоның өз жұмысының деңгейін «тартуға» мүмкіндік береді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қазіргі уақытта оларды бүкіл әлемде «Қазақстандық модель» деп атайтын, өзінің даму тәсілдерін қалыптастырды. Қазақстандық модель әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтай отырып, біртіндеп жақсарулардың эволюциялық жолын серпінді сипаттағы батыл қадамдармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның алдыңғы екі жаңғыруы осындай эволюция мен үдемелі дамуды байланыстырудың арқасында табысты болды. Қазақстандық даму моделі – қазіргі жағдайда елдің маңызды бәсекелес артықшылығы. «Н. Назарбаев моделі» Үшінші жаңғыру реформаларының серпінділігі мен жүргізіліп жатқан бағдардың тұрақтылығын байланыстыра отырып, бұдан әрі де озық іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. 2025 дейінгі Стратегиялық жоспар жүйелі өзгерістердің екі «қозғалтқышын» қамтиды.Осы орайда қаламызда орналасқан Нұртас елді мекені — қаламыздағы электр қуаты сапасыз 8 елді мекеннің қатарында.  Бұл мәселені шешу мақсатында  Нұртас елді мекеніне электр қуатын тарту құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін құрылыс жұмыстарының 45 пайыздан астамы аяқталды.  Құрылыс барысында  600-ден астам электр бағанасы орнатылып, 3 шақырымға жуық электр желілері тартылды.  Жоспар бойынша, құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқталып, іске қосылатын болады.  Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады.  Сонымен қатар, Нұртас елді мекенінде ішкі орамдық газ құбыры тартылуда. Бүгінге дейін жұмыстардың  85 пайыздан астамы аяқталып, 15,7 шақырым газ құбыры орнатылды. Газ құбырын тарту жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.  Ағымдағы жылы Нұртастағы Тасанбаев және Хан тәңірі көшелері жарықтандырылады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin