• 30 апреля, 2024 2:01 дп

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 60 ПАЙЫЗҒА АРТАДЫ

Автор:admin

Сен 6, 2022

Шымкенттегі елді мекендерді кәріз жүйесіне қосу үшін құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Қазіргі таңда шаһардың 54% кәріз жүйесімен қамтылса, биыл бұл көрсеткішті 60-ға жеткізу жоспарланған.  Осыған байланысты ағымдағы жылы 20 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған. БАҚ өкілдеріне өткізген брифингте Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков осылай деді.  Оның мәліметінше, жыл соңына дейін Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік шығыс, Хлопзавод-Шолохов, Жұлдыз елдімекендері кәріз жүйесіне қосылады.  “Осы арқылы 64 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, Арғынбеков коллектор, Тұран ішкі магистрал, Достық КНС (қайта құру), 74 га құрайтын Бозарық шағын ауданының магистралдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмысы аяқталады,”-деді басқарма басшысы.  Жалпы Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75%-ға артатын болады. Қазіргі таңда қала тұрғындарын кәріз желісімен қамту мақсатында 3 магистралды және 14 ішкі орамдық кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде.
Тоғыс шағынауданындағы магистралды кәріз коллекторының құрылысы 2020 жылдың соңына дейін аяқталып, ондағы көп қабатты 24 үй кәріз жүйесіне қосылады.
Сонымен қатар, Арғынбеков көшесінің бойымен №2 коллекторға дейін кәріз коллекторының құрылысы аяқталса, 49 мың адамды құрайтын 6 елдімекен кәріз жүйесіне қосылады. Бұл құрылыс жұмысы 2021 жылға өтпелі. Ал Тұран шағынаудандағы №25,26,28,29 орамдардағы магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталса, көп қабатты 27 үй кәріз жүйесіне қосылады.
Қазіргі таңда 140 мың адамды құрайтын 14 шағынауданда ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы басталған. Бұл нысандар келер жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Жыл соңында мемлекет және жеке инвесторлардың қаржысы есебінен көп қабатты 136 үйге пайдалануға беру көзделіп отыр. Аталған жұмыстар аяқталса, қаланы кәріз желісімен қамту көрсеткіші артады. Сондай-ақ, ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталған жағдайда қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан Шымсити, Асар-2, Достық,
Тұран, Солтүстік саяжай шағынаудандарын кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік болады. Осылайша тәулігіне 18-20 мың текше метр кәріз суы қосымша тазартуға қосылады.

Jsk ақпарат

Автор: admin