• 29 марта, 2024 2:37 пп

ШЫМКЕНТТІ САПАЛЫ СУМЕН ТОЛЫҚТАЙ ҚАМТИТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

Автор:admin

Сен 6, 2022

Шымкент қаласындағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал қалған 3 елді мекен ауыз суды кестемен тұтынуда. Бұл туралы бүгін Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков мәлімдеді.

— Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл барлығы 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Олар:  Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Текесу е/м, Қайнарбұлақ е/м, Еңбекші ауданының жаңақұрылыс аумақтары және Нұртас су жинақтағыш имараты,-деді ол.

Айта кетейік, Құрсай,  Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сонда шымкенттіктердің 99% сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Су адам денсаулығының кепілі екені бәрімізге белгілі. Қоғамдық өндірістің жедел дамуы, қалалардың урбанизациясы, халық санының тез өсуі, қоғамның тұрмыс жағдайының жақсаруы, халықтың мәдени деңгейінің өсуі осының бәрі судың қажеттілігін өсіреді және қолданылатын су экологиялық жағынан қауіпсіз болуы керек.
Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады. Тазалығы жөнінен су мөлдір, иісі дәмі жоқ болып, ең бастасы, құрамында ағза үшін зиянды химиялық заттар және ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс. сонымен қатар, адам үшін судағы еріген химиялық заттардың құрамы мен мөлшерінің де мәні зор. Ішетін судың құрамында хлордың, темірдің, күкірттің марганецтің, мыстың, мырыштың және басқа да химиялық заттардың қоспалары бар.
Химиялық элементтердің мөлшеріне қарай кейбір су көздерінің емдік қасиеттері де бар. Сулар емдеу орындарында екі түрлі жолмен – ауыз суы ретінде және шомылатын су ретінде пайдаланады. Табиғатта судың орнын ауыстыратын зат жоқ. Су дегеніміз – өмір. Әлемдік климаттың өзгеруі де дүниежүзін алаңдатып отырған мәселенің бірі. Экологиялық проблеманың қатарына климаттың жылынуы себебінен мұхит деңгейінің көтерілуі, құрлықтағы мыңдаған теңіз-көлдердің тартылуы және судың ластануы жатады. Мәселен, дамушы мемлекеттерде аурулардың 80 пайызы мен өлім-жітімнің үштен бірі осы таза ауыз судың болмауынан екен. Арал теңізінің тартылуы Қазақстанның тарихындағы ең үлкен экологиялық апат екенін білеміз. Климаттың өзгеруі су тасқыны мен құрғақшылық қаупін төндіріп, гидрологиялық циклдарды өзгертеді. Әлемде су тасқынынан тек мүлікке келтірілген залал жылына 120 миллиард долларға жетеді, ал құрғақшылық пен өзгермелі жауын-шашын мөлшері әсіресе шалғайдағы ауыл-аймақтар үшін үлкен қиыншылықтар туғызады. Әлемдік қауымдастық осы мәселені шешуге тырысқанымен әлі де нақты нәтиже бермей отыр. 1994 жылы БҰҰ климаттың өзгеруі туралы рамкалық конвенциясы, Киото протоколы, Копенгаген конференциясы, Монреаль протоколы, Париж климат келісімі аясында дамушы және дамыған мемлекеттер әлемдік климат пен экологияға жауапкершілігі жөнінде бір мәмілеге келе алмады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin