• 29 апреля, 2024 6:53 дп

Шымкент Әл-Фараби ауданы: Текесу елдімекенінде суға қосылған тұрғындарды абоненттеу жүргізілді

Автор:admin

Ноя 12, 2023

Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді мемлекеттік ауыз су құбырына қосу, яғни абоненттеу жүргізілуде. Аталған аумақ бойынша 13,5 шақырым су құбыры тартылды. Айта кетейік, тұрғындар орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылу үшін мемлекет тарапынан тасталған құбырдан үй ауласына қосу жұмыстарын өздері жүргізу қажет. Сонымен қатар, жеке есеп шот ашу үшін меншік иесі, мемлекетті жер АКТ-і, жеке куәлік көшірмесін «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ге өткізу керек. Абоненттеу жұмысы толық аяқталған соң Текесу елді мекеніндегі 200 отбасы сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында барлығы 7 нысанның құрылысы жүргізілді. 2023 жылдың 10 айлық қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, көрсеткішті 98% –дан – 99%-ға жеткізу жоспарланған. 2024 жылы қала тұрғындары 100 % сапалы ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі шалғай елдімекендердегі тұрғын үй құрылысына берілген жаңақұрылыс жер учаскелерін ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын. Осы мақсатта Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапта, атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жұмыстар 2024 жылға өтпелі түрде жасалады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда, “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс барысында жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда. Және де алдағы уақытта “Жұлдыз” тұрғын алабындағы 484 абонетті қамту жұмыстары жүргізілмек. Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Ал, жаңақұрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмыстары 2024 жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда. Мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы жалғасуда. Аталған елді мекенді сапалы ауыз сумен қамту құрылысы өткен жылы басталған.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin