• 4 мая, 2024 12:18 пп

Шымкент қаласы: 11 мыңнан астам тұрғын ауыз сумен қамтылады

Автор:admin

Сен 14, 2023

Жеті жылдан астам уақытта ауыз суды тасып ішіп келген Асар-2 шағынауданы биыл сапалы ауыз сумен қамтылады. Тұрғындарды сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Құрылысын мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» жүргізуде. Жалпы ұзындығы 156,1 шақырымды құрайтын ауыз су желісін тарту жұмыстарының бүгінде 80 пайызы аяқталды. Құрылыс жұмысы биыл толығымен бітіп, Асар-2 шағынауданындағы 11060 адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Сонымен қоса, шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отынмен жарық жүйесі де тартылуда. Үкімет соңғы жыл­да­ры халықтың әл-ау­қа­тын, білімі мен ден­саулық жағдайын жақсартуға бағыт­тал­ған бірқатар ма­қ­сатты бағ­дар­ла­ма­лар­ды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның маңызды бірі ауыз су мәселесі болып табылады. Ибн Синаның “Ауру көбінесе ішкен астан пайда болады, соның ішінде әсіресе ауыз судан болады” деп ескерткеніндей, халық үшін сапалы ауыз суға қолжетімділіктің маңызы зор. Мәселен, елімізде 13288 шақырымды қамтитын су құбырларының желілері жөндеуден өткізілді. Соның нәтижесінде жиыны 3,5 миллион адам­ды құрайтын 3449 ауылды жер­лердегі елді мекеннің сумен қамту жағдайы жақсарды. Соның ішінде бұрын суды тасып ішетін ауыл халқының саны бес есе азайды. Санитарлық талаптарға жауап бермейтін су құбырларының саны 362 бірліктен 133 бірлікке дейін қысқарды. Дегенмен, соған қарамастан, халықты ауыз сумен қамту мәселесінде бұл бағдарлама істі ақыр аяғына дейін жеткізе алған жоқ. Мәселен, үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша орта­лық­тандырылған ауыз сумен қамтылған ауылдық елді мекендердің саны бар болғаны 12 пайызға ғана өсіп, барлығы 41 пайызды құраған. Елімізде су тапшылығының бар екендігіне ешкім дау айтпайды. Бірақ ол тапшылықтың көп жағдайда қолда бар су ресурстарын дұрыс пайдаланбау салдарынан туындап отыр­ғандығы ақиқат. Бізде осы уақытқа дейін су үнемдеу мәселесі жолға қойылмай келеді. Сондықтан да су жүйелеріне су өлшегіш аспаптар орнатылатын болады. Екіншіден, көптеген су құбырларының тозығы жеткен. Сондықтан да су мәселесіне мемлекетіміз аса байыппен қарап отыр. Жасалып жатқан барлық реформалар мен мемлекеттік бағдарламалар халықтың әлеумиеттік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin