• 4 мая, 2024 3:06 пп

Шымкент қаласы: алыстағы Алтынтөбеге табиғи газ жеткізілген

Автор:admin

Сен 14, 2023

Шаһар басшысымен кездесудің бірінде Абай ауданы Алтынтөбе тұрғын алабының тұрғындары өздері үшін маңызды бірқатар мәселені қозғады. Біріншіден, алтынтөбеліктер ескірген электр желілерін ауыстыру мәселесін көтерді. Қала әкімі тиісті басқармаларға осы жұмысты «ОңтүстікЖарықТранзит» акционерлік қоғамымен бірлесіп жүргізу жөнінде тапсырма берді. Осыған орай тұрғын алабтағы жалпы ұзындығы 9,5 шақырымды құрайтын 11 көшенің электр бағаналары мен электр желілерін және 3 трансформаторды жаңарту бойынша жұмыстар қолға алынды. Бүгінде бұл жұмыстың 90 пайызы атқарылған. Жыл соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде. Мұнан бөлек Алтынтөбе ауыл округіне өткен жылдың соңында табиғи газ құбырлары тартылып, көгілдір отын жеткізілген. Алайда, наурыз айындағы кездесу барысында тұрғындар қала әкіміне газ құбыры жеткізілгенімен, оған тұрғын үйлерді қосу жұмыстары баяу жүріп жатқанын айтып шағымдан-ды. Осыған орай қала әкімі бұл жұмысты жеделдету жөнінде тапсырма берді. Наурыз айына дейін 55 тұрғын үй газға қосылған болса, одан беріде тағы да 134 тұрғын үйге газ кіргізілген. Қалған 24 үйдің иесі газға қосылу үшін техникалық шарт алуда. Сонымен қатар тұрғындар Алтынтөбені газдандыру барысында бірқатар тұрғын үйдің жобаға енбей қалғанын айтты. Қалалық әкімдік аталған үйлерді табиғи газ желісіне қосу үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жөнінде тапсырма берген. Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірлейтін жобалаушы компанияны анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатыр. Жыл соңына дейін жобалық-сметалық құжаттар жасалып, 2023 жылы жобаға енбей қалған тұрғын үйлерді газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталады. Газ саласы – мемлекеттік бюджетті толықтыру көздерінің бірі. Осыған орай экономика мен әлеуметтік салада маңызды стратегиялық мәні бар екені түсінікті. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде тиімді энергетикалық ресурс және аса құнды энергетикалық шикізат ретінде табиғи газға деген қызығушылық артып отыр. Оның ішінде өңірлерді газбен қамтамасыз етудегі негізгі проблемалар мен тәуекелдерді айқындау. Оларды шешу жөніндегі шаралар мен ұсынымдар дайындалады. Қазіргі уақытта газ саласын дамытуды жоспарлаудың жүйелі тәсілін қолдану аса өзекті болып отыр. Бұл тәуекелдерді азайтып, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin