• 4 мая, 2024 2:21 пп

Шымкент қаласы: Наурыз шағынауданының 3850 тұрғыны кәріз жүйесіне қосылады

Автор:admin

Сен 14, 2023

Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Наурыз шағынауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту құрылысы қарқынды жүруде. Құрылыс жұмысы осы жылдың маусым айында мердігер мекеме «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС тарапынан басталған. Жоба бойынша, ұзындығы 15 шақырым ішкі орамдық жүйелер тартылатын болады. Қазіргі уақытта 4 шақырым кәріз жүйесі орнатылды. Құрылыс жұмысы толығымен биылғы жылдың қараша айында аяқталады. Нәтижесінде, Наурыз шағынауданындағы 3850 тұрғын қолданыстағы диаметрі 1200 мм. коллекторға қосылады. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында барлығы 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Ешқандай тұрғын үй, жылусыз, су жүйесімен жабдықтаусыз, керек болса канализациясыз болмауы мүмкін емес. Қажет болған жағдайда, басқа шаруашылық-тұрмыстық жүйелерді қоспағанда, ғимарат қалалық коммуникациялардан алыс орналасқан жағдайда да, тұрғындар жайлы жағдай жасауға тырысады.
Кәріз жүйесі — адам тіршілігінің шаруашылық-тұрмыстық және жаңбырлы сарқынды суларды, сұйық өнімдерді шығаруға арналған сумен жабдықтау мен су бұру жүйесінің құрамдас бір бөлігі.
Шымкент қаласының орталығы және көп қабатты үйлер, жаңа ықшам аудандар орталықтандырылған кәрізбен қамтамасыз етілген. Көбінде бұл қаланың орталық бөлігін қамтып отыр. Қаланың өркендеуімен қала шетіндегі жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандар да септиктермен жабдықталады. Кәрізденбеген және ішінара кәрізденген жерлерде жергілікті су бұруды орнатуға рұқсат етіледі. Бұл сарқынды суларды жинау, уақтылы тазалау жүргізілетін жалпы немесе бөлек жерасты су өткізбейтін гидравликалық сифондары бар қақпақтармен жабдықталған шұңқырларда (септикте) жүзеге асырылуы тиіс. Шұңқырлар (септик) 2/3 бөлігіне дейін толғанда, жиналған сарқынды су ағызу станциясына арнайы автокөлікпен шығарылуы тиіс.
Сарқынды суларды ашық су айдындарына, іргелес аумаққа, сіңіргіш құдықтарға жинауға, ағызуға жол берілмейді. Жан-жағы бетондалған (шұңқырларда немесе септиктерде) жүзеге асырылу қажет.
Бірақ, септиктер әрдайым талаптарға сәйкес жабдықтала бермейді. Көбінесе арнайы жабдықталмаған, жай ғана қақпақсыз, бетон негізі жоқ шұңқырлар қазылып қолданылып жатады.
Септиктерден лас су сарқыны уақтылы сорып шығарылмаған жағдайда, септиктің толып кетуінен сарқынды сулардың төгілуі топырақтың ластануы, жағымсыз иістің болуы, сонымен қатар жұқпалы аурулардың таралуына алып келуі мүмкін.
Мұның бәрі көршілердің шағымдануына әкеліп соқтырады, қаламыздың эстетикалық келбетін бұзады.
Соңғы жылдары қаланың жаңа шағын аудандары мен тұрғын үй алаптарында орталықтандырылған кәріз жүйелерінің құрылысы жүріп, пайдалануға беріліп жатыр.     Орталықтандырылған кәріз жүйелеріне қосылу тұрғындарды септиктерді тазалау, шайынды суларды сыртқа ағызу, арнайы автокөлікпен шығару, көршілермен келіспеушілік сияқты мәселелерден құтқарады.
Мәселенің оңтайлы шешімі — тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілерін орталықтандырылған кәріз желілеріне қосу.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin