• 19 мая, 2024 1:12 дп

Шымкент қаласы: Тассайлықтар табиғи газға толық қосылды

Автор:admin

Ноя 14, 2023

Шымкенттегі Тассайда көптен күткен қуаныш! 300-ге жуық үй табиғи газбен қамтылды. Сайрам тұрғыналабының Тассай бөлімшесінде табиғи газ жүйелерінің құрылысы өткен жылы толық аяқталған болатын. Газ құбырының ұзындығы –7,507 км. Бұған дейін абоненттеу жұмыстары жүргізіліп, бүгін құжаттары дайын болған үйлерге газ қосылды.  «Көріп тұрмыз, жолдар жөнделіп, лоток қойылыпты. Таза су да кірген екен, енді міне көгілдір отынға қол жетіп отыр. Қандай керемет! Шымкентіміз күннен күнге шырайланып, шалғай жатқан елді мекендердің сәні кіре бастаған. Игі істің артында қаншама еңбек жатыр. Пайдалануға берілген әрбір нысан игіліктеріңізге жарасын!»-деді халық қалаулылары. Өз кезегінде жергілікті халық та билік өкілдеріне алғысын жаудырды. Жалпы Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабының Тассай бөлімшесі ауыз сумен, мемлекеттік жүйедегі электр жарығымен толық қамтылған. Бұдан бөлек, осы жылы Мұңайтпасов 1,2 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 2,5 шақырым, ені 6 метрді құрайтын 2 көшеге асфальтбетон қабаты төселді. Сонымен қатар аяқжол салынып, жол жиегіне суағарлар орнатылды. 2 800-ден астам  халқы бар бұл елді мекенде 1 мектеп, 1 балабақша, 1 амбулатория және 7 кәсіпорын бар. Өткен жылы спорт және ойын алаңшасы салынған болса, биыл осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Коммуналдық инфрақұрылымы толық шешілмеген елдімекен тұрғындары ауыз суды кестемен ішеді. Тассай бөлімшесіне керегі тұрақты және сапалы ауыз су, көшелерге асфальт жол болып тұр. Қазір аталған елдімекенде табиғи газ, кәріз жүйелері жүргізілуде. Бүгінге дейін газдандыру құрылысы 70 пайызға, кәріз жүйелерін жүргізу 87 пайызға аяқталған. Инфрақұрылым жұмыстарына 60 адам, 12 техника жұмылдырылып отыр. 68,8 шақырымды құрайтын газ жүйелерінің құрылысы толық аяқталғанда 3 мыңнан астам отбасы табиғи газ көзіне қосылады. Жоспарға сай газдандыру, кәріз жүйелерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Ал, Солтүстік саяжай шағын ауданында қазір сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс толық аяқталғанда 6 мыңға жуық абонент көгілдір отынмен қамтылады. Сонымен қатар, табиғи газбен жартылай қамтылған Құрсай және Жаңаталап елді мекендерін табиғи газбен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдары жүргізіледі. Ал, Айкөл елді мекенін табиғи газбен қамту мақсатында 2024 жылы жобалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin