• 19 мая, 2024 3:36 дп

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы келер жылы 87,2 пайызға газбен қамтылады

Автор:admin

Ноя 14, 2023

Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы мәлімдеді. – Бүгінгі күнде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектарды құрап, халық саны 228 830 адамға өсті. Жаңа Тұран ауданының құрылуына байланысты Қаратау ауданынан Исфиджап, Орманшы, Достық тұрғын алаптары мен Азат шағынауданы, ал Әл-Фараби ауданынан Бадам шағынауданының 2-ші бөлігі қосылды. Ауданда 18 тұрғын алап және 11 шағынаудан бар. Сондай-ақ, 728 көше мен өткелдер, 1 саябақ 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үй орналасқан. 2023 жылдың 10 айлық көрсеткішіне сәйкес ауыз сумен қамтылу көрсеткіші ауданда 94,5 пайызды құрады. Қалаға қосылған жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і атқаруда. Қазіргі таңда, Исфиджаб тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. 2024 жылы жаңа шекараға сәйкес, табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 87,2 пайыз, қамтылмаған 12,8 пайызды мемлекеттік жүйемен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді. Қазіргі таңда 5 елді мекеннің жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» ЖШС-мен әзірленуде, –деді Д.Күздікбайұлы өз баяндамасында. Сондай-ақ брифинг барысында тұрғындар тікелей эфирде өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Аудан әкімі тиісті жауаптарын беріп, мәселенің шешімі бар екенін атап өтті. Шымкент қаласында 29 компания үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінде 13 компания қызмет атқарады. Ал мұржалар мен желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар. Олармен тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері енгізіліп, іске қосылды. Осылайша техникалық қызмет көрсетуге келісімшартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар. Осыған байланысты жауапты мамандар қысқы мезгілде жылыту құралдарын пайдаланудың қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Қала тұрғындарына иіс газынан уланудың алдын алу үшін үйдегі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшарт жасау қажеттілігі түсіндірілуде. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары қала әкімдігінің тапсырмаларына сәйкес тұрғындар арасында газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жүргізіп келеді. Жыл басынан бері тұрғындарға 42 мыңнан астам жадынама таратылды. Сонымен қатар БАҚ беттерінде видеороликтер, мақалалар жарияланып, арнайы мамандандырылған мекемелердің басшыларының қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді. Мұндағы мақсат – жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан туындайтын улану жағдайларын болдырмау.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан болған. Қауіп жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсуде. Жалпы Шымкент қаласының 83% газбен жабдықталған. Бұл ретте халықтың улы және табиғи газбен улануымен байланысты жазатайым оқиғалардың ықтималдығы жоғары. Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 56 өрт тіркелген, материалдық шығын 86 млн. теңгені құрады. Табиғи газбен улану бойынша 4 жағдай тіркелді, нәтижесінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алған.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin