• 19 мая, 2024 2:20 дп

Шымкент қаласы: Достық шағын ауданы инфрақұрылммен қамтамасыз етілді

Автор:admin

Ноя 14, 2023

Шымкент қаласының шалғай елді мекендерін дамыту жол картасына сәйкес Достық шағын ауданына инженерлік-инфрақұрылым жүйелері Шымкент қаласы мегаполис атанғалы бес жыл бойына үздіксіз тартылып келеді. Осы орайда айта кететін жайыт Достық шағынауданының тұрғындары газдандыруды көптен күткен болатын. Аз қамтылған, көпбалалы отбасылары басым елдімекенде 2 686 үйде 15 мыңнан астам тұрғын күн кешуде. Газ жүйесіне қосылғандар алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Көп жылдары пеш жағып қиналған едік, барлығы артта қалды дейді. Баян Иманова, Достық шағынауданының тұрғыны: «Газ лапылдап міне жанып тұр. Бұрын әбден қиналатын едік. Газ баллон сатып алып, пеш жағатын.. Енді, міне өздеріңіз көріп тұрғандай бізді табиғи газға қосты. Барлығына рахмет ауыл қала әкімдеріне. Қуанышымда шек жоқ». Шағынауданға газ жүйесін «ГШ Шымкентгаз» серіктестігі тартты. Мердігер мекеме бюджеттен бөлінген 957, 838 млн теңгені толық игеріп, жұмысты кестеге сәйкес мерзімінде аяқтады. Шымкент қаласының әкімдігінің анықтамасына сүйенсек Былтыр желлтоқсан айында 46,06 шақырымға газ жүйесі тартылған болатын. Көгілдір отынмен қамтуда АГРС-3 нысанының іске қосылуын күттік. Енді міне, көптен күткен жұмыс толық аяқталып, сіздерге газ беріліп жатыр. Құжаттары дайын үйлерге газ қосылды. Енді қалғандарыңыз да күз басталмай құжаттарыңызды әзірлеп үлгеріңіздер деп ескерттік дейді жергілікті атқа мінерлер. 3- Автоматтандырылған газ тарату стансасының іске қосылуы «Достық» шағын ауданынан бөлек, Асар -2 елді мекенін газдандыруға мүмкінді берді. Қаланың даму жоспарына сәйкес, Қайнарбұлақ тұрғын алабы тұрғындарының да көгілдір отынға қол жеткізу күні алыс емес дейді биліктегілер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың барынша көп бөлігін табиғи газбен қамтуды бізге басты міндет етіп қойып отыр. Осыған байланысты газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарып келеміз.  Жыл сайын Шымкентте газ құбыры жеткізілген елді мекендер саны артып келеді. Қаланың 2023-2025 жылдар аралығында даму жоспарына сәйкес, алдағы уақытта көгілдір отынмен жартылай қамтылған 28 елді мекенде және мүлдем қамтылмаған 3 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы салынып, қала тұрғындары мен басқа да нысандар табиғи газбен толық қамтылады. Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, биылғы жоспар бойынша қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету көрсеткіші 94,7 пайызға жеткізілмек.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin