• 19 мая, 2024 2:10 дп

Шымкентте шалғай елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді

Автор:admin

Ноя 14, 2023

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы Шымкент агломерациясының орталығы болып табылады, оған тікелей Шымкент қаласы және Түркістан облысының 8 ауданы кіреді. Шымкент агломерациясының жалпы жер көлемі 286,2 мың га құрайды, агломерация ядросына дейінгі 1,5 сағаттық көліктік қолжетімділік айқындалды. Шымкент агломерациясы халқының саны екі миллионнан астам адамды құрайды. Облыстың Сайрам, Ордабасы және Төлеби аудандарының 42 елді мекенін Шымкентке қосу нәтижесінде соңғы бес жыл ішінде қаланың жалпы ауданы 43 мың гектарға өсіп, бүгінгі күні 117 мың гектардан асты. Жаңадан қосылған аумақтарда инфрақұрылымды дамыту және жергілікті тұрғындарды тіршілікті қамтамасыз етудің барлық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, қосылған аумақтарда бірқатар шешілмеген проблемалар бар: халықты су бұрумен қамтудың төмендігі – 52,3%, Шымкенттің 3 шағын ауданы кесте бойынша ауыз су алады, 3 шағын ауданның тұрғындары тек тасымалданатын сумен қамтамасыз етілген; қаладағы жылу желілерінің ұзындығы 787,6 км құрайды, оның ішінде тозуы-282,3 км немесе 38%; 81 шағын ауданның ішінде тек 18-і ғана кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген, бұл ретте 63 елді мекен қамтылмаған; жолдардың 30% – дан астамы қанағаттанарлықсыз жағдайда; қаланың 16 елді мекенінде электр энергиясының төмен сапасы байқалады. Сонымен қатар, жер мәселесі бар – бұған дейін ауылшаруашылық жерлер тиісті салық есептеулерімен қала аумақтарының санатына өтті. Қосылған аумақтардың әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымын дамытудың барлық осы проблемалық сәттерін шешу-тиісті мемлекеттік құрылымдар нақты орындау мерзімдері бар және орындаушыларды нақты көрсете отырып, бағыттардың әрқайсысы бойынша жұмыс жоспарларын әзірледі. Сонымкен қатар Шымкент қаласының әкімдігі шаһарды дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында негізгі 6 басым бағытта жұмыс істеп жатыр. Бірінші – инжинерлік-инфрақұрылым жүйесін дамыту, екінші – тұтас қаланы, оның барлық шағынаудандары мен тұрғын алаптарын сапалы жолдармен қамтамасыз ету, үшіншісі – тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Төртінші басым бағыт ретінде білім беру нысандарының тапшылығын жою болса, бесіншісі – денсаулық сақтау нысандарын көбейтіп, медициналық қызметтің сапасын арттыру. Алтыншы, ең маңызды бағыт – халықты әлеуметтік қамсыздандыру және экономиканы дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін азайту.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin