• 16 мая, 2024 12:58 пп

Шымкент қаласы аудандарында кәріз жүйесі құрылысында да ауқымды жобалар бар

Автор:admin

Сен 12, 2023

Шаһардағы 24 шағынауданның халқы, яғни, 713,5 мың адам кәріз жүйесімен қамтылған. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Бозарық шағынауданындағы 74 гектар аумақтағы көпқабатты үйлерге магистралды кәріз желісі мен сорғы станциясының құрылысы аяқталып, қазір қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, биылғы жылы 10 нысанның құрылысы үшін 4,8 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа Тұраннан КОС-қа дейінгі және «ШымСити» кәріз коллекторы, Мирас, Шапағат-2, Асар-2, Тассай, Тұранның ішкі жүйелері, Қайтпас-2, Нұртас, 112-ші орам, Бозарық шағынауданындағы көпқабатты үйлерге ішкі орамдық жүйе құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі,-деді Мақсат Қабделұлы. Осы жобалар іске қосылғаннан кейін тұрғындарға кәріз жүйесін тарту көрсеткіші 60-тан 65 пайызға өседі. Сонымен бірге, 2024 жылы 12 нысанда орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы басталмақ. Ал, 2025 жылға келіп, тағы 10 жобаның жоба жүзеге асып, қала халқының кәрізбен қамтылуы 75 пайызға жетпек. Қазіргі таңда қала тұрғындарын кәріз желісімен қамту мақсатында 3 магистралды және 14 ішкі орамдық кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Тоғыс шағынауданындағы магистралды кәріз коллекторының құрылысы 2020 жылдың соңына дейін аяқталып, ондағы көп қабатты 24 үй кәріз жүйесіне қосылады. Сонымен қатар, Арғынбеков көшесінің бойымен №2 коллекторға дейін кәріз коллекторының құрылысы аяқталса, 49 мың адамды құрайтын 6 елдімекен кәріз жүйесіне қосылады. Бұл құрылыс жұмысы 2021 жылға өтпелі. Ал Тұран шағынаудандағы №25,26,28,29 орамдардағы магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталса, көп қабатты 27 үй кәріз жүйесіне қосылады. Қазіргі таңда 140 мың адамды құрайтын 14 шағынауданда ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы басталған. Бұл нысандар келер жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Жыл соңында мемлекет және жеке инвесторлардың қаржысы есебінен көп қабатты 136 үйге пайдалануға беру көзделіп отыр. Аталған жұмыстар аяқталса, қаланы кәріз желісімен қамту көрсеткіші 49,1%-дан 52,3%-ға артады. Сондай-ақ, 2021-2022 жылдары ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталған жағдайда қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан Шымсити, Асар-2, Достық, Тұран, Солтүстік саяжай шағынаудандарын кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік болады. Осылайша тәулігіне 18-20 мың текше метр кәріз суы қосымша тазартуға қосылады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin