• 16 мая, 2024 7:01 пп

Шымкент қаласының жаңақұрылыс аумақтары да жарқырап тұрады

Автор:admin

Сен 12, 2023

Шымкенттегі барлық шағынаудандар 100 пайыз мемлекеттік жүйедегі электр қуатымен қамтылған. Бұрынғы жекеменшік трансформаторлардан жарық алу мәселесі бірте-бірте нарықтан ысырылып, қала тұрғындары сапалы электрдің игілігін көріп жатыр. Ендігі жерде жарық жеткізуде шағынаудандардың жаңақұрылыс аумағындағы жүйелердің құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, Сайрам, Бозарық, Асар-2 және Құрсай шағынаудандарына электр желісін жеткізу құрылысы биыл басталды. Пайдалануға беру мерзімі 2024 жылға жоспарланып отыр.

– 2023 жылы электр қуатымен қамту бойынша 6 нысанда, оның ішінде 5 елді мекеннің ішкі жүйелері және 1 қосалқы станцияның құрылысы жүріп жатыр. Бұл жұмыстар үшін 4,3 млрд теңге қаржы қаралып, 2,6 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінген. Нысандарды атап айтар болсақ «Ақжар» қосалқы станциясы, Батыс, Тұран, Тұркістан, Нұрсәт және Қайнарбұлақ елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында желі тарту құрылысы атқарылып жатыр. Одан бөлек, «110/35/10 кВ Ынтымақ» және «110/10 кВ Бадам» электр желісін тарату станция мен Бозарық, Асар-2 шағынауданының жаңақұрылыс аумағында құрылыс жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде, – деді басқарма басшылығының орындаушылары. Екінші жарты жылдықта Тұран, Түркістан және Нұрсәт шағынауданының жаңақұрылысында мердігерлер 153,2 шақырым аумақтағы ішкі жүйелерін тарту кезінде 15 электр тарату бекеті, 38 трансформатор және 1 қосалқы станцияны орнатады. Ал, алғашқы жарты жылдықта Батыс, Қайнарбұлақ елді мекенінде құрылыс аяқталып, 50 мыңға жуық адам сапалы электрді қолдануға мүмкіндік алды. Жыл қорытындысымен «Ақжар» 110/35/10 кВ қосалқы станциясы, Тұран РП және Түркістан шағынауданында құрылыс аяқталып, 12 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылмақ. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 98% – дан 100% – ға өседі. Шымкенттегі Сәуле шағын ауданы, 276-орам тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде құрылыс толығымен аяқталып, жекеменшік желіден электр қуатын тұтынып келген тұрғындар мәселесі шешімін тапты. Енді олар 1 кВт электр энергиясы үшін бұрынғыдай 28 теңге емес, 16-17 теңге төлейтін болады. Мұнда 918 электр бағанасы орнатылып, 72 шақырым электр желісі тартылды. Нәтижесінде 1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туды.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin