• 25 апреля, 2024 9:00 дп

Шымкент қаласының экономикасы: кәсіпкерлерді қолдау шаралары қалай жүзеге асырылуда?

Автор:admin

Май 2, 2023

Шымкент қаласының шағын және орта бизнесін дамыту шаралары кешенді даму үстінде деп иайта аламыз. Себебі қалада атқарылып жатқан жұмыстардың басым бағыттарының бірі осы факторларға сәйкес жұмыс істеуде. Яғни қалада дамып жатқан бизнестердің мемлекеттік бағдараламаларының қолдауы нәтижиесінде өнеркәсіп иелерінің бизнестері алға жылжып отыр. Мәселен мұнайөңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 2025 жылы саласында 2020 жылға қарағанда 4% артады. Металлургия саласында өнім көлемі 2025 жылы 2020 жылға қарағанда 10%, фармацевтика өнімдерінің өндірісінде өнім көлемі 2025 жылы 2020 жылға 12,7%, өзге металл емес минералдық өнімдер көлемі 17%, тамақ өндірісінің өнімі 10,4% артады деп күтілуде. 2020 жылы 136 га аумақта агро-индустриялық аймақ құру жоспарлануда. Онда 90 га жылыжай бойынша 28 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаға 30 млрд.теңге инвестиция тартылып, 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Еліміздегі ақша реформасы Қазақстанда одан ары жалғасын таба үстінде. 1998 жылы теңгенi еркiн қалқымалы рынокқа жiбердiк. Әрине бұл кездерде елiмiзде инфляция деңгейi бiршама төмендеген кездер едi. Сондай-ақ айналыста iрi ақшалар қажеттiгi туындауына байланысты соңғы жылдары айналысқа 5000 және 10000 теңгелiк ақшалар да шыға бастады. Бұған бiрден-бiр есеп елiмiздiң экономикалық жағдайынын тұрақтала бастағанынан және халықтың табысының өскендiгiнен болып отыр. Бүгiнгi таңда елiмiздегi инфляция деңгейi 6-7%-ды құрап келедi. Әрине бұл да болса бiздiң ұлттық валютамыздың күннен-күнге нығайған белгiсi деп айтсақ болады.
Қалада Бозарық тұрғын үй алқабында тамақ өнеркәсібі бойынша ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін «Бозарык» индустриалдық аймақ құру жоспарлануда.
Бұл жерде құнарландырылған азық қоспаларын өндіретін кәсіпорын («Tengri World» ЖШС) және сүт өнімдерін қайта өңдейтін зауыттың («Балмұздақ» ЖШС) құрылысы, сонымен қатар, шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс, көкөніс консервілеу жобаларын іске асыру көзделуде.
Алдағы 5 жылда «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойынан 500 га аумақта қарқынды бау егу жоспарлануда.
Қалада сауда — логистикалық орталық құру жұмыстары жүргізілуде. Онда тоңазытқыш құралдары қойылатын болады, 2023 жылы толық қуаттылықта жұмыс жасайтын болады.
Жылыжай, қарқынды бағбандық, мал мен құс етін өңдеу бойынша 46 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл 100-ден астам жұмыс орнын құру және сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.

Jsk ақпарат

Автор: admin