• 24 апреля, 2024 9:24 дп

Шымкенттің безнес-климаты инвестиция тартуға қолайлы!

Автор:admin

Май 2, 2023

Әр қала үшін өзінің дамуына инвестиция тарту өте өзекті мәселелердің бірі. Себебі экономиканың басты құралы ол бизнес. Бизнесі дамыған орта қолайлы экономикаға айналатыны белгілі.Ал экономикасы дамыған мемлекет ол инвестиция тартуға қауқарлы. Сонымен біздің Шымкент инвестиция тартуға өте қолайлы аймақтардың бірі. Себебі тоғыз жолдың торабында жатқан ең ірі экономикалық аглемерациялы қала. Қала қарқынды даму үшін оның бизнес – климаты жоғары дәрежеде болуы шарт. Қазақстанның экономикалық потенциялын өзге де шетелдермен  салыстырсақ елiмiзде өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайлардың және мүмкiншiлiктердiң бар екендiгi белгiлi. Оларды атап өтсек: шикiзат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, географиялық жағынан орналасу тиiмдiлiгi (Азия мен Еуропаға қақпа ретiнде болу), iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтары – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады. Әрине, жас отандық өнеркәсiптiң қарқынды дамуына кедергi келтiрiп отырған мәседлелерде жоқ емес. Бүгiнде елiмiзде осы мәселелердi шешу үшiн жан-жақты қызметтер iске асуда. Шымкент қаласында алдағы 5 жылда 1,3 трлн. теңгеге 113 жобаны іске асыру және 9,5 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. «Жұлдыз» жаңа индустриялық аймағын ашу және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын кеңейту есебінен экспортқа бағдарланған өндірістерді құру үшін жаңа инвесторларды тарту жоспарлануда. Инвестициялық жобаларға және қалаға келген и нвесторларға және кәсіпкерлерге тиімді қызметтер көрсету мақсатында «Shymkent» ӘКК» АҚ-ы және кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «бір терезе» қағидаты арқылы қызметтер көрсететін «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» орталығы жаңа форматта құрылды. Қалада 427 гектардағы аумақ «Шымкент Сити» арнайы экономикалық аймақ құрылды. «Шымкент Сити» жобасын жүзеге асыру барысында қала экономикасына 1 млрд. АҚШ долл. көлемінде жеке инвестициялар тартылуы күтілуде.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin