• 19 апреля, 2024 11:45 пп

Шымкентте экономикалық тұрақтылық сақталған!

Автор:admin

Май 2, 2023

Қазақстанның үшінші шаһары саналатын шымкентімізде бүгінгі таңда экономикалық жағдай тұрақты даму үстінде. Олай айтуымызғада себеп бар. Үйткені Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының әр Жолдауында экономиканың басты бағыттарының бірі сауда-саттық, шағын және орта бизнесті дамыту шаралары айтылады. Міне бұл бағытта әкімдік тарапынан мемлекеттік реформалар мен бағдарламалардың тұрақты жұмыс жасауының арқасында экономикасында тұрақтылығын байқауға болады. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі 2021-2025 жылдары жылдық инфляция деңгейін тежеу болады, ол үшін апта сайынғы азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру жөніндегі практиканы жалғастыру жолымен ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен толықтыру, көтерме (коммуналдық) және бөлшек сауда азық-түлік нарықтары мен сауда инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғастырылатын болады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2025 жылы 900,0 млрд.теңге өндіру жоспарлануда. Өнімнің НКИ 2020 жылмен салыстырғанда 15% — ға артады. Өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемін ұлғайтуға келесі факторлар ықпал етеді: индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіпте жаңа өндірістік қуаттарды енгізу, іске асырылған жобалардың жобалық қуатына шығуы және қала экономикасының өсу резервін тиімді пайдалану. Шымкент қаласының Кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде  2020-2025 жылдары жалпы құны 328,6 млрд.теңге құрайтын 20 жобаны іске асыру жоспарлануда (кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларының жыл сайынғы өзектілігін ескере отырып, аталған көрсеткіштердің мәні өзгеретін болады, яғни жобалардың саны және тартылған инвестициялардың сомасы жаңартылатын болады). Жұмыс істеп тұрған индустриялық аймақтар аумағында жалпы сомасы 64 млрд.теңгеге 44 жобаны іске асыру жоспарлануда. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы сомасы 70 млрд.теңгеге 28 жобаны іске асыру жоспарлануда. Индустриялық аймақтар жұмысының оң тәжірибесін ескере отырып, 2021 жылы «Жұлдыз» үшінші индустриялық аймағын құру жоспарлануда, онда 60-қа жуық жоба орналастырылатын болады.  «Жұлдыз» ИА-да құрылыс материалдары, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Бұдан басқа, «Оңтүстік» АЭА аумағын 589 га дейін кеңейту жоспарлануда, мұнда жеңіл өнеркәсіп, мұнай-химия және машина жасау салаларында жобаларын іске асыру жоспарлануда.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin