• 25 апреля, 2024 8:06 пп

Шымкент қаласының экономикасы: индустриалды-инновациялық бағдарламалар тиімді жұмыс жасауда!

Автор:admin

Май 1, 2023

Шымкент қаласының экономикасын дамыту мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жұмыс жасауында. Мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асырылып отырған бағдарламалар қала қаржысының көбеюіне ықпал етеді. Сондықтанда бизнес пен кәсіпкерлердің идеясын қолдау қаланың дамуына тың серпін беретіндігі сөзсіз.Осы тұста айта кететін жайыт Шымкенттің ұлттық экономиканың барлық тетіктерін тиімді іске қоса білген мегаполистер санатына кіретінін айта кеткеніміз жөн секілді. Өйткені Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, бағдарламаның екінші бесжылдығында 98,2 млрд.теңге сомасына 42 жоба іске асырылды, 2,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл қаланың дамуына оң әсерін тигізіп, экономиканың өскуіне ықпал жасады. Қалаға инвестиция салатындардың саны өсіп, өндіріс көлемі артты. Шымкенттің экономикасы шағын және орта бизнестерден құралған, сондықтанда біздің кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көптеген жеңілдетілген несиелер мен салық мөлшерлемесі аз жағдайлар жасалған. Бұл өз кезегінде бизнес өкілдері үшін үлкен көмек болатындығы тағы бар.  Қаламызда айта кететін жайыттардың бірі жалпы құны 26,1 млрд.теңгеге 8 жоба іске асырылды, 375 жаңа жұмыс орны ашылды.  Бүгінде осы экономикалық өсімнің арқасында индустриалды-инновациялық бағдарламалардың орындалуы бойынша жол картасы әзірленіп, өнеркәсіптің көлемі өсті. Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем тамыған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі. Осы орайды Шымкенттің 2015 жылы – 3,7%, 2016 жылы – 4,0%, 2017 жылы — 4,2%, 2018 жылы — 5,4%, 2019 жылы — 15,0% дейін өскенін бақылауымызға болады. Келтірілген деректер өнеркәсіптік өндірістің физикалық көлемінің индексінде тұтастай алғанда өсу динамикасы байқалады, бірақ біркелкі емес. Соңғы 5 жылда. өнеркәсіптің жыл сайынғы дамуы орта есеппен 6,7% құрап отыр,аны тағы бар. Бұл қаланың индустриалды экономикалық бағдарламаларға дайын екендігін көрсетіп отыр.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin