• 19 апреля, 2024 2:22 пп

Шымкент экономикасы бәсекеге қабілетті!

Автор:admin

Май 1, 2023

Шырайлы қаламыздың экономикасы Ұлттық экономиканың дамуы мен байланыстыруға болады. Себебі халқының саны 1 милион 200 мыңнан асып кеткен алып шаһардың экономикасы Қазақстанның кез-келген қалалары мен облыстарын шаңында қалдырып кете алады. Олай айтуымызға да себеп бар. Себебі қаламызда шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтін субъектілердің саны 69 435 бірлікті немесе 119,6% құрады. ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 159,4 мың адамды құрады. Олар 1021,1 млрд.теңгеге өнім шығарды, бұл 8,9% — ға артық. Яғни Шымкент экономикасы бүгінде тұрақты даму үстінде. Қаланың индустриалды-инновациялық жобалар жол картасының тиімді жұмыс жасауының арқасында бүгінде экономикамыздың 3,8 % ға артық орындалып отырғанын кқруімізге болады. Бұл бизнестер мен кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарлдамалардың шарапатын тиісті деңгейде көруінен және қолдау шараларын дұрыс мақсатта жұмсауының арқасында деп білеміз. Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады. Бұл көрініс біздің Шымкентімізде де орын алып отыр. Себебі  «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 245 жобаға 2 557,5 млн. теңге қолдау көрсетілді, оның ішінде:

— Банктердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 2 155,5 млн.теңгеқұрайтын155жоба қолдау тапты;

— Банктердің несиелері бойынша ішінара кепілдік беру бойынша 250,0 млн.теңгеге 35 жоба қолдау тапты;

— Мемлекеттік гранттарды ұсыну бағытына 152,0 млн.теңгеге 55 жоба қолдау тапты.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin