• 27 апреля, 2024 5:04 дп

Шымкентте өндіріс көлемі артып, қаланың қаржысы ұлғаюда!

Автор:admin

Май 1, 2023

Ия, осылай мақтанып айтуға тұрарлық мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қала қаржысы ұлғайып, инвестиция көлемі артты. Шымкент ең ірі қалалардың қатарына кіргендіктен, біздің қаламыздан шығатын өнім көлемі Оңтүстіктегі қалалрдың экономикаларынан оқ бойы озып тұр. Мәселен Шымкентің өнеркәсіп өнімінің көлемі 562,3 млрд. теңгені құрап,өткен жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 15,0% артқан. Бұл көрсеткіш қала бюджетіне де өз әсерін тигізіп отыр. Шымкенттің дамуы аглемерациялық бағдарламалардың жиынтығына да өз әсерін бермек. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да Шымкентке айрықша көңіл бөлетіні де сондықтан. Шымкент қаймағы бұзылмаған қазақы ортаның қалыптасуына, инвестицияны Алматы мен астана секілді тартуға қауқарлы қалалардың қатарында, сондықтан да қаламыз мегаполис атағын алып, республикалық қалалар санатына енгізіліп отыр. Қазақстанның қазіргі тарихында өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі шаруашылық жүргізудің нарықтық моделінің қалыптасуымен байланысты елдің экономикалық дамуының негізгі проблемаларын ғылыми зерттеу ерекше орын алады. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі экономикалық өзгерістердің тарихи аспектілері біздің қаламызғада өз әсерін берді. Себебі өнеркәсіптегі үлесі 85,7% құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 481,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғы деңгейден 13,9% — ға артық орындалғандығын көрсетіп отыр. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қайта құрылуы, ең алдымен, әкімшілік-командалық экономиканы нарықтық экономикаға айналдыруға байланысты стратегиялық дамудың жаңа басымдықтарын айқындады. Нәтижесінде Шымкентімізде өткен жылмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібінде кейбір өндірістердің өсуі байқалады. Осылайша, мұнай өнімдерін қайта өңдеу — 20,6%, сусындар өндірісі — 26,8%, тоқыма өнеркәсібі — 17,9%, химия өндірісі — 36,5%, металлургия өндірісі — 26,5%, өзге де металл емес өнімдер өндірісі — 3,5% өсті. Жалпы айтқанда, қаламыздың даму перспективасы өндіріс көлемінің артуымен бағаланып, әлемдік экономиканың бір ерекшелігіне айналып отыр. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі тепе-теңсіздік экономикалық мүмкіндіктері мен әлемдік аренадағы орындарының әртүрлі болуынан туындағаны мен біздің мегаполситердің өндіріс көлемі – қаржының ұлғаюына әкеледі.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin