• 29 апреля, 2024 2:19 пп

ШЫМКЕНТ: ТАУАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУШІ 6 КӘСІПОРЫНҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Автор:admin

Июн 11, 2023

Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 45-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың негізгі бағыты ұн, макарон, ірімшік, сары май, айран, шұжық, консерві өндіру. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру мақсатында биылғы жылы 3 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындар іске қосылады. Қазір «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы арқылы сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 6 кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жыл сайын өнімдердің қуаттылығы артты. Сондай- ақ, Шымкент қаласының Қайнарбұлақ тұрғын алабы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша жалпы ауданы 132 гектар «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылатын индустриялық аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін биыл аяқтау жоспарлануда. «Бозарық» өндірістік аймағы іске қосылған жағдайда құны 18 млрд. теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобалар жүзеге асатын болады. Тауарларды қайта өңдейтін кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі қысқартылды, деп хабарлайды  JskАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің қорытындысы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімдерін 23 жұмыс күннен 8 жұмыс күнге дейін қысқартылды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті толығымен электрондық форматқа көшірілді. Құжат формасы ҚР Кеден кодексіне сәйкес келтіруде ақпараттық жүйе пысықталды және 2018 жылғы 29 желтоқсанда «Е-лицензиялау» порталында «Тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру» жөніндегі көрсетілетін мемлекеттік қызметінің автоматтандырылған бизнес-процесі іске қосылды», — делінген хабарламада. Министрліктің мәліметінше, бұл көрсетілетін мемлекеттік қызмет тауарларды ЕАЭО кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеуді іске асыратын кәсіпкерлерге тауарларды кедендік әкету және әкелу баждарын төлемей тауарларды әкелуге және әкетуге мүмкіндік береді.

Jsk ақпарат

Автор: admin