• 29 апреля, 2024 3:40 пп

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫМЕН ШЫМКЕНТТЕ 13 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Автор:admin

Июн 11, 2023

Биыл Тұран ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында барлығы 13 балалар ойын алаңшасы салынып, халық игілігіне беріледі. Қазіргі уақытта Құрсай елді мекеніндегі Құлаңтөбе көшесінде, Ақтас елді мекенінде атауы жоқ көшеде және Бәйдібек би даңғылы 246 мекенжайында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың тамыз айында толық аяқталып, нысан пайдалануға тапсырылады.  Ал, жыл соңына дейін Тұран ауданында Құрсай, Қазығұрт, Ақжар, Ақтас, Арғымақ елді мекендерінде, Отырар шағынауданы, Бәйдібек би даңғылы бойында ойын алаңшасы салынады. Сонымен қатар, тұрындықтарға қажет тағы 10 ашық спорт алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, Отырар шағынауданы (№15/1, №41, №55, №13, №11, №40-42), Құрсай елдімекенінде (Сатқанбаев көшесі, Оңдасынов көшесі, Жұлдыз көшесі) спорт алаңшаларының құрылысы жүргізіледі. Халықтың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуына бағытталған бюджеттеудің жаңа тәжірибелерін кеңінен енгізуге қатысты елімізде тиісті бастамалар іске асырылып жатыр. Осы орайда бұл бағыттағы жаңа қадамдарға қатысты ҚР Қаржы министрлігі түсінік берді. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру үшін «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 254 бұйрығы қабылданды, онда халықтық қатысу бюджетін жүргізу рәсімдері айқындалған. Атап айтқанда, тұрғындардың қаланы абаттандыруда жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндігі бар. Осы орайда аумақты көгалдандыру, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, бордюрларды, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру ескерілген. «Пайыздық арақатынаста тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталған шығыстардың ең аз көлемі айқындалған. Іске асырылып жатқан «жобалар» және оларды қаржыландыруға арналған қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері барысында жария етіледі. Қазақстанның мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы Әкімдіктердің парақшасында «Халық қатысатын бюджет» модулінде барлық оқырмандар тұрғындардың ұсыныстарының «жобаларын» онлайн режимде қысқа, түсінікті және егжей-тегжейлі түрде оның мәртебесін, таймлайнын, дауыс санын көрсете отырып, қадағалай алады», — деп аталып өткен министрлік ақпаратында.

Jsk ақпарат

Автор: admin