• 29 апреля, 2024 8:52 дп

ШЫМКЕНТКЕ 134, 2 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ    

Автор:admin

Июн 11, 2023

Бүгінде климаты жағымды, географиялық орналасуы оңтайлы, еңбекқор халқы бар Шымкент инвесторлар үшін өте қолайлы қалаға айналып отыр.  Инвестақуалды жақсарту мақсатында атқарылып жатқан кешенді шаралар да шетелдік бизнес өкілдерінің республикадағы үшінші қалаға қызығушылығын арттыруда.                         Осы бағытта қолға алынған қыруар жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылдың 4 айында қала экономикасына                   134,2 млрд. теңге инвестиция тартылды.  Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,1%-ға артып отыр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 721,7 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Осылайша биылғы көрсеткішті алдыңғы  жылмен салыстырғанда                         32%-ға арттыру  көзделуде. Мегаполис экономикасына өткен жылы 148,7 млн. АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестициялар тартылған болатын. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібіне тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі — 161,3 млн теңгені құрайды.  Жалпы, 2023-2027 жылдар аралығында қаламызда жүзеге асырылатын құны 1,7 трлн. теңге құрайтын                        227 инвестициялық жобалардың  пулы жасалған.Оның ішінде, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2670 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін  10 жобаның іске асырылуы жоспарлануда. Олардың ішінде тұрғын үйлер салу, құрылыс материалдарын өндіру,  синтетикалық иірілген жіп және мата өндірісіне қатысты ауқымды жобаларды айрықша атап өтуге болады. Инвестиция тарту мәселесі — тікелей қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бақылауында. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бүгінде барлық бағытта кешенді шаралар  жүргізілуде. Елімізге жетіспейтін нарықтағы ең ірі және үлкен кәсіптік салалар ретінде көлік өндірісі мен киім-кешекті атауға болады. Себебі, бізге тек қана шеттен келген көліктер тізгінделсе, күнделікті киім-кешектің Қытай, Түркия, Қырғызстан секілді елдерден тасымалдаймыз. Биыл «Жастар жылы» деп бір жылдың еңбегін жастардың қолына берген екенбіз, олардың шағын және орта кәсіпті дамыту үшін ұсынған жобалары мен жұмыстарын қолдау өте маңызды.

Келешектің іргесін бүгін қалау керек. Ал бүгін қаланған еңбектің жемісі ертең құрдымға кетпесін десек, бәріне жан-жақты қараған жөн. Айналып келген кезде мемлекет маған не береді емес, мен мемлекетке не беремін ұстанымын ұстанғанымыз ұтымды болар еді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin