• 26 апреля, 2024 7:57 пп

ШЫМКЕНТ: СОЛТҮСТІК САЯЖАЙДЫҢ 1149 ШАҚЫРЫМЫНА  ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

Автор:admin

Сен 3, 2022

Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейін кезең-кезең мен жаңа міндеттерді шешу прин­ципі маңызды деп көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағ­дар­­ламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа ме­жесі ретінде 2050 жылға дейінгі уа­қыт ара­лығын қамтуы бекерден-бекер емес. Өрке­ниет­ті елдердің даму үлгісінде мұндай ұзақ мер­зімді даму бағдарламасын қабылдау бар. Дәл осын­дай бағдарламаны ғаламдық саяси инс­ти­тут БҰҰ қабылдаған. «2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының әлемдік даму тенденциясы» – деп аталады. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі даму бағ­дарламасын» жариялаған. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тия­нақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жү­зеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар. Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тар­мақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып ма­ңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуел­сіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған бас­ты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елі­нің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақ­стандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды. Қазақстан халқын бір ортаға топтастыратын саяси мәні зор «Қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты бағдарламада әлеуметтік-саяси дамудың «қазақстандық үлгісін» демократиялық жолмен өркендетудің негізгі тетіктері көрсе­тілген. Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту үшін желі тарту жұмыстары  жалғасуда.  Солардың бірі, Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай шағын ауданында электр желісі 90%-ға тартылды. Ал жұмысты толық 100% аяқтау қыркүйек-қазан айларына дейін жоспарланған.  Жұмыс біте салысымен «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жүргізілетін болады. Айтып өтейік, мұндағы құрылыс былтыр басталған еді. Бүгінге дейін 4737 электр бағанасы және 52 трансформатор орнатылып,  1149 шақырымға желі тартылды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin