• 19 апреля, 2024 2:53 пп

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ӨТІНІМ БЕРУДЕН ҚАЛЫП КЕТПЕҢІЗ!

Автор:admin

Сен 3, 2022

Қазақстан 2050 стратегиясындағы алды­мызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, билік басындағылардан бастап қатардағы аза­маттарға дейін еліміздегі әлеуметтік әділет­ті­лік пен әлеуметтік қамтамасыз етуге деген көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің абыройы мен бе­делі халқының әлеуметтік жағдайымен өлшенетіні белгілі. Осы ел тұрғындарының назарына ұсынылған ауыл-аймақтардың әкімдерін сайлау сияқты азаматтық қоғам­ды дамыту істерінің маңызы зор. Басты назарда ұстап отырған ауыл-шаруа­шылығының өркендеуіне қолдау көр­сету, егістік алаңын ұлғайту, әлемдік дең­гейдегі мал­шаруашылығы қалыптарына (стан­дарт­тарына) сәйкес жем-шөп базасын құру, эко­логиялық таза өндіріс саласын дамыту мә­селелерін де орынды көтерген. Сонымен қатар, жер өңдеу мәдениетін өзгерту, ауыл еңбеккерлерінің жаңа буынын қалыптастыру, жаңа ғасырдың әлемдік нарығының сұра­нысына лайықты агроөнеркәсіп кеше­нін да­мыту сияқты жолдауда көтерілген өзекті жобалардың маңыздылығы жоғары шынымен ел шырайын келтіріп ауылдың гүлденуіне тірек болатын болашағы зор жобалар. Шымкентте 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберіндегі 400 АЕК көлеміндегі (1 225 200 тг дейін) қайтарымсыз гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім береді. Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Ескерту! Білгеніңіз абзал, белгіленген 616 азаматтан өтініш келіп түскен жағдайда, өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Жұмыспен қамту, «Бизнес бастау», мемлекеттік грант бойынша сұрақтарыңыз болса қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы бөлімшелерінің байланыс телефондарына хабарласыңыздар.

📌АБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ:

8707 453 08 03

📌ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ:

8775 299 66 20

📌ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ:

8702 934 80 41 (Whats app)

📌ҚАРАТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ:

8705 287 60 44

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат  09.00-19.00 (түскі үзіліс сағ 13.00-15.00) көрсетілген уақыт аралығында ғана байланыса аласыздар.

Jsk ақпарат

Автор: admin