• 26 апреля, 2024 5:33 пп

ШЫМКЕНТ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ТИІМДІ ӨТЕДІ!

Автор:admin

Май 27, 2022

Жаз – жарқын мезгіл.«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз», — деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы тынығу лагерлеріне баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Жаз айлары балалардың толыққанды демалып денсаулықтарын нығайтуға жаңа оқу жылын тың бастауға серпін беретіні сөзсіз. Сабақ кезіндегі демалыс күндері жаздағы демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс бұл мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық санасезімін дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік берері баршымызға мәлім. Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, оларға бос уақытты тиімді өткізуді үйрету мақсатында «Жазғы шығармашылық мектептері» ұйымдастырылады.Әрине еліміздің әр өңірі өз оқушыларын қалай тиімді өткізуге болатыны жайында кешенді жоспарларын бекітіп бүгінде оқушылардың жазғы уақытта өз уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын қарастыратыны баршамызға белгілі. Биыл балалар жылы болғандықтан бұл салада атқарылатын тың идеялы жобалар өте көп. ҰҚасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Қазақстан балалары өз болашағын тереңінен болжау арқылы еліміздің дамуына өзіндік үлестерін қосатындығына сенімі мол екенін өз жолдауларының бірінде айтқан еді. Осы мақсатта Шымкентте 186 634 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 88 пайызын қамтуда. Балаларды сауықтыру, жетілдіру, үйрету сияқты бос уақытты тиімді өткізу мақсатындағы шараларға биылғы қала бюджетінен 300 миллионға жақын қаржы бөлінген болса, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген. Аз қамтылған 7 241, балалар үйіндегі 147 және «Дарын» мектебінен 260 балаға саяжай лагерлерінде тегін демалуға жолдама берілсе, 27 655 оқушының ата-аналары есебінен демалатыны анықталған. Бұдан бөлек,  130 мектепте сауықтыру бағытында 151 331 оқушыны түрлі үйірмелер және спорт секцияларымен қамту жоспарланған. Саяжай лагерлеріне жолдама үшін аз қамтылған отбасы ата-аналары өтініштері  ХҚО және egov порталы арқылы онлайн форматта қабылдануда. Жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы, мәдениет саласы 12 000, спорт саласы 14 000 баланы жеке кәсіпкерлер арқылы балалардың қызығушылыға қарай үйірмелерге қамтуда. Бұл жаз бойы жалғасын табатын болады.  Сонымен қатар, 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтарында тегін үйірмелер ашылып, мәдени іс-шаралар өткізілетін болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстың тарихи-мәдени орындарына экскурсиялар өткізу жоспарланған.

Jsk ақпарат

Автор: admin