• 29 марта, 2024 7:56 дп

ӘЛЕМ КУБОГЫН ҚАНЖЫҒАЛАҒАН ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ

Автор:admin

Май 27, 2022

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Спорттық ойындардың түрлері көп. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу және т.б. Спорттың адам өмірінде қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын біз білеміз. Күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймыз. Дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт адамды шат-шадымен өмір сүруге жетелейді. Спорт – белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс түрінде өтетін әрекет. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп келуде. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, оларды ылғи да мақтан тұтамыз. А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназиясының 8″Ж» сынып оқушысы 11.12.2007 ж. туылған Сапаралы Аружан Маратқызы Шымкент қаласы, Самал мөлтек ауданы, Шерімқұлов көшесі 20 үйде тұрады. Әкесі -Қалдыбаев Марат Сапаралиевич, анасы- Исабаева Гүлбану Асылхановна. Аружан көпбалалы толық отбасының 3-перзенті. 2020 жылы 12 жасында алғаш кикбоксинг спортына барған. Тренері- Артықбаев Бобиржан Сатимбаевич кикбоксингтен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші. Сапаралы Аружан Маратқызы 2021 жылы 05 маусымда өткен 2007-2008ж.т. және 2009-2010 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 40кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дипломымен, медальімен марапатталды. 2021 жылы 10-13 қараша аралығында Нұр-сұлтан қаласында Досымбай Азаматты еске алуға арналған Республикалық ашық турнирінде 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында 52кг салмақта 1-орынды иемденген. 2022 жылы 12-15 мамыр аралығында Түркияның Стамбул қаласында 45 мемлекеттің қатысуымен ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында кикбоксингтен Әлем Кубогі жолындағы жарыста 44 кг-да рингке шығып, үш кездесу өткізіп, үшеуінде айқын басымдықпен ұтып, әлем кубогын жеңіп алды. Мамандар Аружанның өнеріне жоғары баға берді!
Jsk ақпарат

Автор: admin