• 20 апреля, 2024 12:18 дп

«WorldSkills Shymkent — 2022» АЙМАҚТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ!

Автор:admin

Май 27, 2022

Елімізде жұмысшы мамандықтарына сұраныс қашан да жоғары. Биылғы оқу жылынан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби-техникалық білім беру саласындағы жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға көбейту туралы тапсырма бергені белгілі. Өңірде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын оқытуға баса назар аударылуда. Мәселен, биыл облыста «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында жұмысшы мамандықтарын оқытуға 1085 грант бөлініп отыр.  Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан атқарылып отырған оңды істерінің бірі әрі бірегей жобалары өз жалғасын табуда. Атап айтар болсақ жұмысшы мамандығының «WorldSkills Shymkent — 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінің қорытынды рәсімі. Аймақтық чемпионат Шымкент қаласының білім басқармасы және кәсіпорындармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 20-27 мамыр күндері аралығында «Жас маман» жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтармен және техникалық жабдықталған құзыреттілік орталықтары қарастырылған, қаланың жетекші 15 колледжінің базасында өтті. Сондай-ақ, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің базасында «тігін ісі» құзыреттілігі бойынша «Abilympics Shymkent — 2022» өткізілді. Чемпионаттың мақсаты — жұмысшы және кәсіби мамандықты дәріптеу, бұл мамандықтардың танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру.  «WorldSkills» чемпионатының аймақтық кезеңіне 46 құзыреттілік бойынша 176 үміткердің қатысуымен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Қызмет көрсету саласы», «Білім беру», «Медицина», «Шығармашылық және дизайн», «Құрылыс индустриясы», «Көлік және логистика» бағыттары бойынша өткізілді.  Чемпионат қатысушыларының конкурстық жұмыстарын қала аумағындағы кәсіпорындардың жетекші мамандарынан құралған тәуелсіз сарапшылар бағалады. Аймақтық «WorldSkills Shymkent — 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының үздік жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және медальдермен марапатталды.  Қалалық чемпионатта үздік деп танылып, Республикалық чемпионатқа жолдама алған І орын иегерлеріне сәттілік тілейміз!

Jsk ақпарат

Автор: admin