• 19 мая, 2024 11:51 пп

Шымкент: Жыл соңына дейін Әл-Фараби ауданын жарықтандыру көрсеткіші 100%-ға жетеді

Автор:admin

Окт 13, 2023

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында жыл соңына дейін ауыз су және жарықтандыру көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстары туралы өткен брифинг барысында айтты. «Бүгінде Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, тұрғындардың ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ды, электр жарығымен 96,5%-ды, табиғи газбен-99,5%, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 87% құрап отыр. Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланып, бүгінде аяқталу барысында. Аудандағы 404 көшенің қазіргі таңға дейін 124 көшесі жарықтандырылған», — деді Р.Мыңбаев. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшалары және 9 спорт алаңшасы орнатылатын болады. Ауданның басты көшелерін (102 басты көше) көріктендіру-көгалдандыру, ағаштарды және гүлдерді күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, жасыл желектерді ретке келтіру, суғару, өсік шөптерді ору жұмыстары бойынша мердігер мекеме «Build stroi» ЖШС-ы тарапынан жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері мердігер мекеме тарапынан басты көшелердің бойына 3 300 дана ағаш көшеттері отырғызылып, жыл соңына дейін тағы 6 мың данасын қондыру жоспарланған. Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында биыл бұл бағдарлама шеңберінде 59 жоба іске асырылады. 2021 жылы 11 ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. 6 ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынды. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданда I-II сектор бойынша 11 ойын алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов (№70, 88-90, 89, 92 үйлер), «Спорт» шағынауданы (№9, 24 үйлер), Ә.Диваев (№142-142б-144, 140-144б, 146 үйлер), Дулати (№ 205) және Қазыбек би көшесіндегі (№195 а) үйлердің аулалары абаттанады. Жалпы биыл Әл-Фараби ауданы ойын алаңшасымен толық қамтылады. Биыл ҚР-да электр қуатының өндірісі де (7,7%), оны тұтыну көлемі де өсті (7%). Баға биылғы жылдың 9 айының қорытындысында ел бойынша орташа алғанда 6,2%-ға қымбаттады. Халыққа электр энергиясының қолжетімділігі бойынша Еуропа елдерінің рейтингінде Қазақстан тарифтері ең төмен мемлекет ретінде көш бастауда.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin