• 19 мая, 2024 10:36 пп

Шымкент : Асар-2 елді мекені инфрақұрылыммен қамтылуда

Автор:admin

Окт 13, 2023

Шымкенттегі Асар-2 елді мекенін сапалы ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы осы жылы аяқталып, 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешімін тапты. Алайда, шағын ауданда инфрақұрылым жобаларына енбеген мыңға жуық тұрғын үй бар. Жыл соңына дейін қалған аумақтарды ауыз  сумен қамту құрылысының ІІ кезеңі аяқталады. Қазіргі уақытта ішкі орам жүйелеріне құбыр тартылуда. Сондай-ақ, аталған елді мекенде табиғи газбен қамту жұмысы жүргізілуде. Қазіргі кезде құрылыстың  40%-ға жуығы аяқталды. Жоспар бойынша пайдалануға 2024 жылы берілмек. Бұдан бөлек, Асар-2 елді мекенінде кәріз құрылысы қарқын алуда. Ішкі орамдық кәріз құбырының  жалпы ұзындығы 39,6 шқ құрайды. Бүгінде оның 60%-дан астамы орнатылды. Нысан келесі жылы қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, Нұртас елді мекенінде ішкі орамдық газ құбыры тартылуда. Бүгінге дейін жұмыстардың 85 пайыздан астамы аяқталып, 15,7 шақырым газ құбыры орнатылды. Газ құбырын тарту жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Айта кетейік, үшінші мегаполисте қазіргі таңда, электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы қалада «Бозарық» 220 КВ мен«1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды. Биылғы жоспар бойынша «Ақжар»110КВ қосалқы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді. Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжай, Асар-2 (2-кезек) желі құрылысы аяқталып, пайдалануға берледі. Қала халқының өсіміне қарай сапалы электр қуатымен қамту үшін 2023-2025 жылдары 6 қосалқы станцияның құрылысы жоспарланып отыр.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin