• 18 апреля, 2024 11:01 дп

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАР АУДАН ӘКІМІНЕ БІРҚАТАР ҰСЫНЫС АЙТТЫ

Автор:admin

Авг 5, 2022

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.  Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез — келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Стасистика агентігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегіадам санының 4, 5 миллтоннан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Абай ауданының әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы аудан жастарымен еркін форматта кездесті. Кездесу барысында Абай ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Жастардың көкейлеріндегі көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды.

  • Бадам өзенінің жанынан салынып жатқан демалыс аймағына «Жастар аллеясын» салу;
  • Шалғай орналасқан елд мекендерге көшбасшылық үйірмелерін қалыптастыру;
  • Құқық бұзушылықтын алдын алу бойынша түсіндеріме жұмыстары жүргізіп, арнайы рейдтік жұмыстар ұйымдастыру ;
  • Шалғай елді мекендерде жастарға арналған саябақтар ашу сынды ұсыныстар айтылды.

Аудан әкімі — «Қоғамның қозғаушы күші – жастар болғандықтан, жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Бүгінгі жастар арасындағы негізгі мәселе болып табылатын жұмыспен қамту, отбасы құндылығы сынды бағытта жұмыс жасаудамыз.» – деп қорытындылады.

Jsk ақпарат

Автор: admin